Дмитрий Рейхерд Олимпиада ойындарының жүлдесіне іліге алмады

/uploads/thumbnail/20180213082110435_small.jpg

Фристайлдың могул түрінен Пхенчанда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған 29 жастаңы Дмитрий Рейхерд жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады.

Ктк жаңалықтарының мәліметінше, отандасымыз бірінші финалда 79.77 ұпай жинап, алтыншы орынмен екінші финалға шықты. Ал бұл сында бақ сынаған тағы бір отандасымыз Павел Колмаков бірінші финалда 78.22 ұпаймен 11-орынға жайғасып, екінші финалға өтті. 

Екінші финалда алдымен Колмаков өнер көрсетіп, 76.10 ұпаймен 7 орынға жайғасып, шешуші финал жолдамасынан қағылды. Ал Рейхерд жарыс жолында қателік жіберіп, небәрі 58.64 ұпай жинады. Осылайша ол сегізінші орынға жайғасып, үшінші финалға шыға алмады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи