Жақында Apple компаниясы өзіңнің қызметкерлері мен олардың туыстарына арналған медико-санитарлық қызмет көрсететін мидициналық клиникалар жобасын жасады. Бұл идеяны Amazon, J.P. Morgan Berkshire Hathaway сияқты басқа ірі компаниялар да іліп әкетіп, дамытып жатқан көрінеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп жазады.
АҚШ-та жыл сайын жұмысшылардың ауыру себебінен компаниялар 260 миллиард долларға өнімділігін жоғалтады. Осы орайда америкалық компаниялар ауруды алдын-алу мәселесін қарастыратын медицинаны дамытуды көздеп отыр.
Мұндай медицина адамның ағзасына мониторинг жасап, генетика тұрғысынан медициананың негізгі бағыты болып отыр. Көптеген мамандар онлайн медицинаның артықшылықтар көп деп есептейді.