Аман Төлеев мерзімінен бұрын өз еркімен Кемерово облысы губернаторы қызметінен кетеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.
«Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев РФ президенті Владимир Путинге өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш жазды», — деп хабарлайды облыс администрациясы баспасөз қызметі.
Аман Төлеевтің жасы 73-те, 1997 жылдан бері Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарып келеді. Ол бұл лауазымға төрт рет сайланған. Кезекті қызметтік мерзімі 2020 жылы аяқталуы тиіс болатын.
Оставить комментарий