Швейцариядағы қар көшкінінен бес адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20180401115644627_small.jpg

Швейцарияның Вале кантонының Гомс ауданында қар көшкіні болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фишерталь елді мекенінің маңында күтпеген жерден қар көшкен. Соның салдарынан тауда жаттығып жүрген алты шаңғышының бесеуі опат болып, алтыншысы әзер дегенде аман қалған.

Жазатайым оқиға сенбі күні кешкісін болды. Қазір Гомс құтқару жасағы арнайы тікұшақпен шаңғышылардың денесін іздеп жатыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи