Бұл күнде халық еміне жүгінетіндердің қарасы қалың. Алматыда 2017 жылдың тамызында ашылған Qazaq-Med орталығы ғасырлар бойы жинақталған дәстүрлі шипагерлік әдістерін пайдаланады. Медицинадан дертіне дауа таппаған науқастар осы орталыққа келіп, құлан-таза айығады.
Бір жылдың ішінде орталықта 5000-нан астам адам емделген. Ал операцияны қажет ететін 2000-нан аса науқас шөп пен оттың көмегімен тәуір болып кеткен. Простатит, белсіздік, бедеулік, асқазан аурулары, бүйрек және өт жолы аурулар жүрек аурулары, қант диабеті, гемморой, жүйке аурулары сияқты дерт атаулыны мамандар ерекше тәсілмен емдеп жазады.

Күлпаш Шаңбаева Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында мұғалім болып қызмет етеді. "Ауру айтып келмейді" дегендей, бірнеше ай бұрын денсаулығы сыр беріп, жүріп-тұруы қиындаған. Екінші дәрежелі артроз деп диагноз қойған дәрігерлер мардымды ештеңе істей алмапты. Қарға адым жер мұң болып, бір орында отырып қалған әйелдің бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Ақыры таныстарының ұсынысымен Qazaq-Med орталығына келіп, үзілген үмітін жалғады. Білікті мамандардың қарауында бір ай бойы емделген Күлпаш қазір өз аяғымен жүріп-тұрады. Оның айтуынша, химиялық дәрілермен ағзаны улағаннан гөрі халық емі әлдеқайда тиімді. Қайнатылған шөп-дәрі асқазан қыжылын да болдырмайды екен.
— Екі жылдан бері түрлі шипалы су мен демалыс орындарына бардым, дәрілер салдырдым. Еш пайдасы тимеді. Qazaq Med орталығына келгелі жағдайым жақсы. Жаз шықса тағы ем алсам деймін. Қазірдің өзінде орталықтағы мамандармен үнемі хабарласып, шөп-дәрілерді үзбей ішіп тұрамын, - дейді Күлпаш Шаңбаева.
Шөп-дәрілер әр науқасқа жеке-жеке әзірленеді. Себебі әр адамның ағзасы әртүрлі. Шипалы өсімдіктерді қайнататын арнайы зертхана да бар. Зертхана мамандары тауықтың асқазанынан бастап, таулы аймақтарда өсетін шөптердің 100-ге тарта түрін кәдеге жаратады.

Арнайы дәрі қайнатумен айналысатын Нығмет Бабайұлы Қытайда халық емі саласында 30 жыл жұмыс істеген. Медициналық оқу орнын тәмамдап, талай шәкірт тәрбиелеген. Атажұртқа оралып, білім-білігін ел игілігіне пайдаланып жүрген шипагер әр қазақтың денсаулығына алаңдайтынын айтады.
— Ал халық еміне сенім артушылар көп. Екі айдың ішінде 600 адам келіп кетті. Емделушілердің арасында қайта келіп, шағым түсіргендер болған жоқ. Бағасы да қолжетімді, - дейді Нығмет Бабайұлы.

Зейнеткерлерге 20 пайыз жеңілдік жасалған
Нығмет Бабайұлы бүгінде жазылуы қиын екі аурудың шипасын табу үшын күн-түн демей ізденіп жүргенін айтты.
— Қазір қант диабеті мен зобты емдеудің жолын зерттеп жатырмын. Бұл екі ауруды табиғи шөппен емдеудің жолы болуы керек, - дейді дәрігер.
Орталықта қауіпті ауруларға операциясыз ем-дом жасалады..

— Шөп-дәрі бір күнде әсер етпейді. Ағзаны тазалап, адамға әсер етуіне ең кемі бір апта кетеді. Шөп-дәрінің денсаулыққа зияны жоқ , - дейді орталық басшысы.
Орталық мамандары ине салу, хиджама, массаж жасау, отпен өртеу және әр адамының организіміне қарай табиғи шөп-дәрілерді пайдалану жолдарын қолданады.

Медициналық орталықтың басшылары Шымкент қаласында филиал ашуды жоспарлап отыр.