Пентагон Сирияда қалып, ДАИШ-пен күресті күшейтуге уәде берді

/uploads/thumbnail/20180427093157137_small.jpg

АҚШ Сирияда әскерін қалдырып, ДАИШ террористік ұйымына қарсы соғысты күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис қарулы күштер ісіне қатысты сенат комитетінің отырысында хабарлады.

Пентагон басшысының айтуынша, Таяу Шығыс елдеріндегі экстремистік топтардың белсенділігі арта түскен, сол себепті АҚШ оларды ДАИШ-қарсы соғысуға шақырады.

Айта кетейік, сәуірдің басында АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияда әскерді ұстап тұрудың еш қажеттілігі жоқ екенін мәлімдеп, жақын арада соғыс алаңынан шығаруға уәде берді. Алайда нақты уақытын айтпаған еді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи