Омбудсмен Томирис Байсафаның өліміне қатысты мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20180512120004564_small.jpg

Омбудсмен Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының омбудсмені Татьяна Москальковаға Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс әділ жүргізілуіне ықпал етуін сұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі өкілетті аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу жұмыстарын Мәскеудің батыс әкімшілік аймақтық тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

«Асқар Шәкірдің тергеу ісіне қатысты күмән келтіруіне Томиристің ата-анасының берген ақпараты және тергеу ісіне қатысты ақпаратты беруден бас тартуы түрткі болған. Қайтыс болған студенттің ата-анасы тергеу органдарының кейбір сараптама жұмыстарын жүргізбегенін байқаған. Томиристің ата-анасының айтуынша, тергеу кезінде тек бір ғана куәгер сұралған. Сондықтан процессуалды шешім қабылданғанға дейін БАҚ-та болған жағдайға қатысты түрлі болжам айтылған», - делінген Асқар Шәкіровтың атынан тараған Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі өкілетті аппаратының мәлімдемесінде.

Марқұмның ата-анасы – Дархан Қожабергенов пен Жанна Ахметова ресейлік мамандардан әділетті әрі объективті тергеуді талап етіп отыр. Ресейлік тергеу мамандарының болжамынша, қыз өз-өзін өлтірген. Алайда ата-анасы бұл дерекке сенуден бас тартты.

«Бұл істің жұмбағы көп. Тергеу органдары жасауы тиіс кей әрекеттер жасалмай жатыр. Мәселен, Муртузали Меджидованың айналасы ғана тергеліп жатыр. Аудитория ішінде қызым екеуі ғана болған. Жігіт бөлменің есігін үстелмен тіреп қояды. Неге бұлай істегені белгісіз. Ақыл есі дұрыс екі азамат аудиторияға кіреді. Қазір біреуі жоқ, ал екіншісі тіпті күдікті ретінде танылып отырған жоқ. Ол қазір тек куәгер екен», - деді ашынды Томиристің анасы Жанна Ахметова.

13 сәуірде болған оқиғаға сәйкес, куәгерлер қызды біреудің терезеден құлатып жібергеніне сенімді.

«Ол бостандықта жүр. Жарты күн ұстапты да, жібере салыпты. БАҚ өкілдері алғашында қызымды біреудің итеріп жібергенін жарыса жазған. Бізге мына тергеу жұмыстары бөгет келтіріп отыр. Оларға Меджидов "қыз өзі құлады" деп сендірген. Тергеу органдары соған сеніп отырған көрінеді. Ал қызымның достарынан ешкім ештеңе сұрамаған», - деді Жанна Ахметова.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-ші қабатындағы дәрісхананың терезесінен құлап кеткен.

1997 жылғы Томирис таңғы 4.00-те қайтыс болды. Тергеушілер сәуірде  аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Тергеушілердің мәліметінше, қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға 13 сәуірде болды.

Томирис халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-ші курсында оқыған. Ол үзіліс кезінде терезеден құлап кеткен. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оны итеріп жіберген.

Связанные Статьи