Менингит өткен жылы да болған. Вакцинациялаудың қажеті жоқ— министр

/uploads/thumbnail/20180606125521653_small.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  менингококк инфекциясының тарауына байланысты Алматыда журналистермен кездесті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау минитсрі Е. Біртанов, Алматы облысы әкімінің орынбастары Ж. Омар, Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаев қатысты. 

— Халық арасында эпидемия жоқ. Сондықтан вакцина салудың қажеті жоқ. Бұл ауру  өткен жылы да болған, оның алдында да кездесетін, - деді министр. 

Сонымен қатар министр қайтыс болғандардың туыстарына қаржылай көмек көрсету қолға алынбағанын айтты.

Сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қарсы вакцина бағасын арзандату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді

Айта кетейік, кеше Талдықорғанда 17 жастағы студент жігіт менингитен көз жұмды

Кеше Астанада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жансақтау бөліміне екі жастағы бала жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан тұрғындарына кеңес берді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи