Семейде полицейлер мен ерікті азаматтар үш баланың анасын іздестіріп жатыр. Динара Әубәкірова 20 тамыз күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған деп жазады ustinka.kz сайтының дерегін негізге алып.
Еріктілердің айытуы бойынша, Динара 20 тамыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында Нахаловка деп аталатын ауылынан шығып кетіпті. Ол өзімен бірге ол телефонын, жеке құжаттарын алмаған..
Оның ерекше белгілері: бойы шамамен 170 см, шашы қара. Маңдайының оң жақ бөлігінде тыртық бар. Жоғалатын күні үстінде ақ жейде, ашық қоңыр түсті шалбар болған.
Оставить комментарий