Марқұм анасының жанында төрт күн жатқан екі бала полицияны қайран қалдырды

/uploads/thumbnail/20180825105800419_small.jpg

АҚШ-тың Уошито округіндегі Арканзас штатында полиция қызметкерлерін қайран қалдырған оқиға болды. 5-ке де толмаған екі бала жол апатынан кейін қайтыс болған аналарының жанында 4 күн бойы тірі жатқан. Бұл туралы жергілікті ABC15 Arizona агенттігі хабарлады.

«Бұл 11 жыл бойғы жұмыс тәжірибемдегі ең ерекше жағдай. Бір жағынан қайғылы, бірақ ғажап оқиға», - деп өз әсерімен бөліскен екен округ детективі Нейтан Грили.

Журналистерге оқиғаның мән-жайын балалардың атасы баяндап берген. Жол апатынан кейін үш жасар Кайлен Холлиман автокөліктің жоғарғы бөлігіндегі ашық тұрған терезеден шығады. Ал көлік жолдан ұшып орманға қарай аударылған.

«Немерем сыртқа шығып, өлі жатқан анасын көрген. Жанына барып оятпақ болды», - деді баланың атасы.

Қайтыс болып кеткен анасының жанында төрт күн бойы жатқан балақай бесінші күні орманнан адам іздеуге шығады. Оны жол бойындағы құқық қорғаушылар байқап қалып, көлікті тауып алады. Көліктің ішінде қорғаныс белдігіне оралған Кайленнің бір жастағы бауыры отыр екен. Екеуі де тірі, бүгінде ауруханада жатыр, дәрігерлер балалардың аман қалатынын айтты.

Ал қайтыс болған аналары үшінші балаға екіқабат болған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи