Миллионнан үлесіңді ал!

/uploads/thumbnail/20170708173918804_small.jpg

Қазнетте қомақты жүлде қоры бар «Қазақия-2015» блог-байқауына іріктеу кезеңі жүріп жатыр. 14 күннің ішінде 8 облыс пен қала, 12 стансаны басып өтетіп сапар-байқауға әлеуметтік желіде (оның ішінде Фейсбукте) белсенді, тұрақты жазатын кез келген қолданушы қатыса алады. Блог-сапарға баруға үміткерлер ұсынылған тақырыптар бойынша   («Көктемгі позитив», «Өзіңнен баста!», «Менің жерім», «Ата-анама құрмет», «Отбасым – Отаным») кем дегенде екі жазбадан жазып, байқаудың іріктеу кезеңіне қатыса алады. Жобаның келесі іріктеу сатысында блогерлер сапар маршрутына байланысты болжамды жоспарын (жазба, фото-видео) ұсынады.  Іріктеу сындарынан өткен 10 блогер 1 000 000 теңге жүлде қорынан өз үлесін алу үшін бақ сынаспақ. Байқаудың мақсаты – әлеуметтік желі белсенділерінің көзімен Қазақстанды жаңа қырынан таныту, қазақтілді интернет кеңістікті сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру. Байқау туралы толығырақ ақпаратты «Қазақия 2015» блог-сапар жобасының әлеуметтік желілердегі ресми

парақшаларынан

табуға болады. Жобаға Altel 4 G GSM компаниясы демеушілік етуде.  

Связанные Статьи