Жидебайдағы Абай жатқан кесене

/uploads/thumbnail/20181031142015354_small.png

Бұл - Жидебайдағы Абай жатқан кесене. Жидебай Абайдың қыстауы болған екен. Құнанбай тұқымы негізінен Ақшоқыға жерленіп келіпті. Тек Абайдың сүйікті інісі Оспанға ғана топырақ осы мекеннен бұйырған.

Абай жазда жайлауда қайтыс болған. Бұрынғы қазақтың қыстауы мен жайлауы қайбір жақын болушы еді?! Өмірден өткен Абайдың сүйегін арбаға салып, Жидебайға алып келгенше үш күн өтіпті деседі. Ал бейіттер жатқан Ақшоқы әлі де алыс. Содан амалдары қалмаған Абай ауылының қариялары ақынды сүйікті інісі Оспанның жанынан жер қойнына тапсырыпты. Ол - осы жер.

Пайғамбарымыздың: "Мүмін ана дүниеде сүйгенімен бірге болады" дегені Абай оқиғасында да дәл келгенін көрмейсіздер ме?! Абай Оспан өлгенде қатты қайғырған деседі. Тіпті қабіріне тас орнатып: "Оспанның басынан байлық та өтті, балуандық та өтті, мырзалық та өтті. Ажалдан ешкім де қашып құтыла алмайды. Әрі өткен, бері өткен мұсылман дұға қайырмай өтпесін" деп ескі араб қарпінде жаздырып, тас қойдырған екен. Ол тас қазір Абай музейінде тұр.

Кейін інісінің жанына жайғасарын Абай білмеген болар. Алайда жаңағы жазу Абайдың кейін қабіріне келетіндерге айтқан өсиетіндей. Абай кесенесінің жанында тұрып осындай ойға қалдым...

Марфуға Шапиян

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Бұл - Жидебайдағы Абай жатқан кесене. Жидебай Абайдың қыстауы болған екен. Құнанбай тұқымы негізінен Ақшоқыға жерленіп келіпті. Тек Абайдың сүйікті інісі Оспанға ғана топырақ осы мекеннен бұйырған. ⠀ Абай жазда жайлауда қайтыс болған. Бұрынғы қазақтың қыстауы мен жайлауы қайбір жақын болушы еді?! Өмірден өткен Абайдың сүйегін арбаға салып, Жидебайға алып келгенше үш күн өтіпті деседі. Ал бейіттер жатқан Ақшоқы әлі де алыс. Содан амалдары қалмаған Абай ауылының қариялары ақынды сүйікті інісі Оспанның жанынан жер қойнына тапсырыпты. Ол - осы жер. ⠀ Пайғамбарымыздың: "Мүмін ана дүниеде сүйгенімен бірге болады" дегені Абай оқиғасында да дәл келгенін көрмейсіздер ме?! Абай Оспан өлгенде қатты қайғырған деседі. Тіпті қабіріне тас орнатып: "Оспанның басынан байлық та өтті, балуандық та өтті, мырзалық та өтті. Ажалдан ешкім де қашып құтыла алмайды. Әрі өткен, бері өткен мұсылман дұға қайырмай өтпесін" деп ескі араб қарпінде жаздырып, тас қойдырған екен. Ол тас қазір Абай музейінде тұр. ⠀ Кейін інісінің жанына жайғасарын Абай білмеген болар. Алайда жаңағы жазу Абайдың кейін қабіріне келетіндерге айтқан өсиетіндей. Абай кесенесінің жанында тұрып осындай ойға қалдым... ⠀ #marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #ШығысҚазақстан #Өскемен #Семей #ВКО #ШҚО #таңғажайыпҚазақстан #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #жидебай #абаймузейі #сакральныеместаказахстана #қарауыл #абайауданы #абайкесенесі #шәкәрім160жыл #шәкәрім #абай #той

Публикация от Марфуға Шапиян (@marfugashapian)

Связанные Статьи