Абай өмірінің соңғы 11 жылын өткізген үй

/uploads/thumbnail/20181031142311593_small.png

Мынау артымдағы Абай өмірінің соңғы 11 жылын өткізген үй. Кезінде мұны ақынның өзі салдырыпты. Бүгінде музейге айналған. Жөндеу жұмыстары жүргізілген әрине, десе де сол қалпында сақталған. ХІХ ғасырдың соңында іргесі қаланған шаңырақ қой, едендері сықыр-сықыр етеді. Құдды, Абай заманынан сыр шертіп тұрғандай. Өзге әлемге түсіп кеткендей әсерде болдық.

Музейдегі әр жәдігерге қарайсың да, көне тарихпен тілдескендей күй кешесің. Екі адамның құлашы жететін кісе белбеуі ақынның алып адам болғандығын көрсетсе, жазу үстелі мен кітап жиылған сөре Абайдың ақындық болмысын ашып тұрғандай. Ділдә, Әйгерімдерден қалған төсек те көз алдыңа "Абай жолынан" талай оқиғаны елестетеді. Құнанбайдың Меккеден киіп келген тақиясының өзі қажының бүкіл ғибратты өмірін жадыңда тірілтуге жетіп жатыр. Тағы бір бұрышқа Абайдың протез тісі қойылыпты. Аңыз адамымыздың тісі қызық көрініп, ұзақ қарап тұрып қалдым.

Және бір дерек, бұл үйде Абай алғашқы әйелі Ділдәмен немесе кейін алған әйелі Әйгеріммен де емес, Оспан інісінің бәйбішесі, өзі әмеңгерлікпен алған Еркежанмен тұрған.

Мен музейдің ішінен әдейі фото қоймадым. Өйткені, Семейге барсаңыздар, Жидейбайдағы осы музейге міндетті түрде барыңыздар. Абай әлеміне сүңгисіздер. Әрі әрбіріңіздің алатын әсеріңіз де әртүрлі болмақ.
Абай музейін көргендеріңіз бен көргілеріңіз келетіндер қол көтеріп қойыңыздар ☺️

Марфуға Шапиян

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Мынау артымдағы Абай өмірінің соңғы 11 жылын өткізген үй. Кезінде мұны ақынның өзі салдырыпты. Бүгінде музейге айналған. Жөндеу жұмыстары жүргізілген әрине, десе де сол қалпында сақталған. ХІХ ғасырдың соңында іргесі қаланған шаңырақ қой, едендері сықыр-сықыр етеді. Құдды, Абай заманынан сыр шертіп тұрғандай. Өзге әлемге түсіп кеткендей әсерде болдық. ⠀ Музейдегі әр жәдігерге қарайсың да, көне тарихпен тілдескендей күй кешесің. Екі адамның құлашы жететін кісе белбеуі ақынның алып адам болғандығын көрсетсе, жазу үстелі мен кітап жиылған сөре Абайдың ақындық болмысын ашып тұрғандай. Ділдә, Әйгерімдерден қалған төсек те көз алдыңа "Абай жолынан" талай оқиғаны елестетеді. Құнанбайдың Меккеден киіп келген тақиясының өзі қажының бүкіл ғибратты өмірін жадыңда тірілтуге жетіп жатыр. Тағы бір бұрышқа Абайдың протез тісі қойылыпты. Аңыз адамымыздың тісі қызық көрініп, ұзақ қарап тұрып қалдым. ⠀ Және бір дерек, бұл үйде Абай алғашқы әйелі Ділдәмен немесе кейін алған әйелі Әйгеріммен де емес, Оспан інісінің бәйбішесі, өзі әмеңгерлікпен алған Еркежанмен тұрған. ⠀ Мен музейдің ішінен әдейі фото қоймадым. Өйткені, Семейге барсаңыздар, Жидейбайдағы осы музейге міндетті түрде барыңыздар. Абай әлеміне сүңгисіздер. Әрі әрбіріңіздің алатын әсеріңіз де әртүрлі болмақ. Абай музейін көргендеріңіз бен көргілеріңіз келетіндер қол көтеріп қойыңыздар ☺️ ⠀ #marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #ШығысҚазақстан #Өскемен #Семей #ВКО #ШҚО #таңғажайыпҚазақстан #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #жидебай #абаймузейі #сакральныеместаказахстана #қарауыл #абайауданы #шәкәрім160жыл #шәкәрім #абай #той

Публикация от Марфуға Шапиян (@marfugashapian)

Связанные Статьи