Шығыс Қазақстан өңіріне сапар Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық тойымен тұспа-тұс келді

/uploads/thumbnail/20181031142645326_small.png

Шәкәрім - ерекше қадірлейтін тұлғам әрі диссертациялық жұмысымның тақырыбы. Алла сәтін салғанын көрмейсіз бе, ойда-жоқта Шығыс Қазақстан өңіріне сапар бұйырып әрі ол Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық тойымен тұспа-тұс келді.

Өскеменнен таңғы жетілерде шыққан біздер Абай ауданының орталығы Қарауылға жеткенде тойдың басталған беті екен. Шәкәрім ескерткішіне тағзым етіліп, жүзу бассейні ашылыпты. Әрі жекелеген азаматтардың, кәсіпкерлердің 15 млн 500 мың теңгесіне Абайға жаңа ескерткіш орнатылыпты. Мүсіншісі Нұрбол Қалиев.

Одан ары қарай той концерттік іс-шаралар, Қарауылтөбеде киізүйлерде ас, спорттық ойындардан жарыс, аламан бәйгеге ұласты. Облыс әкімі Даниал Ахметов келіп аудан халқын мерейтоймен құттықтады. Біз астан ауыз тидік те, Абай топырағындағы тарихи жерлерді аралауға кірістік.

Ал мұндағы тариxи жерлер бірінен-бірі өтеді ғой, шіркін...

Марфуға Шапиян

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Шәкәрім - ерекше қадірлейтін тұлғам әрі диссертациялық жұмысымның тақырыбы. Алла сәтін салғанын көрмейсіз бе, ойда-жоқта Шығыс Қазақстан өңіріне сапар бұйырып әрі ол Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық тойымен тұспа-тұс келді. ⠀ Өскеменнен таңғы жетілерде шыққан біздер Абай ауданының орталығы Қарауылға жеткенде тойдың басталған беті екен. Шәкәрім ескерткішіне тағзым етіліп, жүзу бассейні ашылыпты. Әрі жекелеген азаматтардың, кәсіпкерлердің 15 млн 500 мың теңгесіне Абайға жаңа ескерткіш орнатылыпты. Мүсіншісі Нұрбол Қалиев. ⠀ Одан ары қарай той концерттік іс-шаралар, Қарауылтөбеде киізүйлерде ас, спорттық ойындардан жарыс, аламан бәйгеге ұласты. Облыс әкімі Даниал Ахметов келіп аудан халқын мерейтоймен құттықтады. Біз астан ауыз тидік те, Абай топырағындағы тарихи жерлерді аралауға кірістік. ⠀ Ал мұндағы тариxи жерлер бірінен-бірі өтеді ғой, шіркін... ⠀ #marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #ШығысҚазақстан #Өскемен #Семей #ВКО #ШҚО #таңғажайыпҚазақстан #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #сакральныеместаказахстана #қарауыл #абайауданы #шәкәрім160жыл #шәкәрім #абай #той

Публикация от Марфуға Шапиян (@marfugashapian)

Связанные Статьи