Тамызда болған Шығыс Қазақстан облысындағы пресс-турды қорытындылағаным дұрыс шығар, ауылда қол жиі босай бермейді. Марфуға Шапиян əпке екеумізді облыстың ішкі саясат бөлімі мынадай жерлерге апарды:
- Өскемен қаласы;
- Сібе көлдері;
- Зайсан қаласы;
- Ырғызбай əулие кесенесі;
- Шілікті қорымы;
- Семей қаласы;
- Абай ауданы;
- Жидебай, Қарауыл (Абай туған жер);
- Бөрілі ауылы (М.Əуезов туған жер);
- Қатонқарағай ауылы (О.Бөкей туған жер);
- Берел қорымы (З.Самашевпен кездестік, "Алтын адам" табылған қорым мен "Берел" музейіне бардық);
- Қатонқарағайдағы демалыс орны.
Шығыстың сұлулығына таңғалып қайттым. Тіпті құмсауыттау жерде өскен мен "неге ғана біздің атамыз тау мен талы жоқ жерге құмар болған екен?" деп іштей ренжідім. Бірақ топырағының тозы шығып жатса да осы мекенге аңсарым ауып тұрады ғой))) Қатонқарағайда таңертең оянғанда бұлт анодай боп терезеңіздің алдына келіп тұрады. Мен үйден бұлт қайтқанда шықтым. Есіктің алдында маралдар жайылып жүреді)) Осы сапарда барамыз деген жерімізге апарып, журналистік барлық "капризімізді" көтерген Дарын аға мен Меруертке өөөте ризамыз!!! Алғысым шексіз! Меруерттің адамды ə дегеннен түсіне қоятыны, мейірімділігі мен ситуацияны тез ұғынатынына қуандым. Ал Дарын аға бір сөзді, айтқанынан қайтпайтын, істің адам екен. Барлық жігіт сондай болса дейсің :) Алматыға шақырып кеттік достарымызды!
Тағы да сапар шықса, бара берем. Жолға жайлымын. Қырсық адам емеспін)) Осы сапарда көлікпен жалпы 3 мың шақырым жүріппіз. Бір күнде 500 шақырым жүргеніміз бар айтпақшы. Еще ұйықтамай ертесіне Семейге, Шəкəрімнің 60 жылдығына шығып кеттік:) Қыздар бəрібір де мықты, төзімді халық қой
Рақмет, Шығыс!
Сені ылғи мақтап жүрем!
Таңшолпан Төлеген