Шығыстың бұл шырайлы қаласына табаным тұңғыш тиіп тұр

/uploads/thumbnail/20181031143145080_small.png

Кеше түс ауа Өскеменге келіп жеттік. Әуежайдан түсе салғандағы ауаның ерекшелігі бірден білінеді. Шығыстың бұл шырайлы қаласына табаным тұңғыш тиіп тұр. Табиғат ерекшелігі бірден басқаша екені білініп тұр. Тамақтанып алғаннан кейін Өскемен өңірінің көрікті жерлерімен танысуды бастап кеттік.

Алғаш барған жеріміз Шығыс өңірінің інжу маржаны саналатын Сібе көлдері болды. Өскемен қаласынан 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан Сібе көлдеріне кешқұрым жеттік. Бұл өзі бес көлден тұрады екен. Атауы қалмақтың "себын" сөзінен шыққан деседі. Яғни, "сабынды көл". Сондағылардың айтуынша, суы майда, тәнге жұмсақ тиеді.

Біз төртінші көлге келіппіз. Айналасын тасты тау қоршаған, сондай көрікті жер. Көлдің айналасына демалыс орындары салынған, әлі де салынып жатыр. Демалушылар да баршылық. Тасты тауға шығып, көлді биіктен тамашаладық. Жолдан жылан көріп, зәреміз бір ұшты. Өздері елемейді де. Демалуға сондай қолайлы жер екен. Егер жазда Шығыс жеріне табан тірейтін болсаңыз, демалатын орынды алыстан іздемесеңіз болады. Сібе көлдерін бетке алып, тартып кетіңіз. Мұндағы тыныштық пен жанға жайлылықты басқа жерден сезінген емен...

Марфуға Шапиян

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Кеше түс ауа Өскеменге келіп жеттік. Әуежайдан түсе салғандағы ауаның ерекшелігі бірден білінеді. Шығыстың бұл шырайлы қаласына табаным тұңғыш тиіп тұр. Табиғат ерекшелігі бірден басқаша екені білініп тұр. Тамақтанып алғаннан кейін Өскемен өңірінің көрікті жерлерімен танысуды бастап кеттік. ⠀ Алғаш барған жеріміз Шығыс өңірінің інжу маржаны саналатын Сібе көлдері болды. Өскемен қаласынан 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан Сібе көлдеріне кешқұрым жеттік. Бұл өзі бес көлден тұрады екен. Атауы қалмақтың "себын" сөзінен шыққан деседі. Яғни, "сабынды көл". Сондағылардың айтуынша, суы майда, тәнге жұмсақ тиеді. ⠀ Біз төртінші көлге келіппіз. Айналасын тасты тау қоршаған, сондай көрікті жер. Көлдің айналасына демалыс орындары салынған, әлі де салынып жатыр. Демалушылар да баршылық. Тасты тауға шығып, көлді биіктен тамашаладық. Жолдан жылан көріп, зәреміз бір ұшты. Өздері елемейді де. Демалуға сондай қолайлы жер екен. Егер жазда Шығыс жеріне табан тірейтін болсаңыз, демалатын орынды алыстан іздемесеңіз болады. Сібе көлдерін бетке алып, тартып кетіңіз. Мұндағы тыныштық пен жанға жайлылықты басқа жерден сезінген емен... ⠀ #marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #ШығысҚазақстан #Өскемен #Сібекөлдері #ВКО #ШҚО #таңғажайыпҚазақстан #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #сибинскиеозера #сакральныеместаказахстана #сибины

Публикация от Марфуға Шапиян (@marfugashapian)

Связанные Статьи