Қазпошта қызметкерлері зейнеткерлерге ұялы телефондарын тіркеуге көмектеседі

/uploads/thumbnail/20181101101544827_small.jpg

Beeline абонентін қолданатын тұтынушылары, Қазпошта операторының қызметін алғаннан кейін ұялы телефонының IMEI-кодын тіркете алады. Бұл туралы мобильді оператордың PR-қызметі хабарлады.

«Қазпошта» АҚ мен Beeline өз тұтынушылары үшін осындай шешім қабылдады. Ол үшін абоненттер USSD арқылы Қазпоштаның табельдік нөмірі бар ЖСН-ды жіберу керек.

Мұндай әдіс зейнеткерлерге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жеке мәліметтерді базаға енгізуге көмектеседі.

«Біз базаны толықтыру жұмыстарын осы жылдың наурыз айынан бастадық, әзірге бұл әдіс сәтті жүзеге асырылуда. 2019 жылы күшіне енетін заң бойынша барлық абоненттер тұтынушылары тіркеуде болу керек екенін баршамыз білеміз. Сол себепті біз бар күшімізді салып өз тұтынушыларымызды тіркеуге алып жатырмыз. Beeline компаниясы үшін әрбір абоненттің орны ерекше» – деп түсіндіріп өтті бұқаралық нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директор Евгений Настрадин.

Тіркеуге алудың мұндай әдісі үшін арнайы команда жасалды. Ол USSD *693*ЖСН*010000*123456#, соңғы 12 сан «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлерінің табель нөмірі.

Деректерді тіркеуге алу міндетті түрде қолданушы абоненттердің келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Барлық абоненттер иесі өздерінің ұялы телефондарын жеке ЖСН-не тіркеу міндеттеледі. Мобильді операторлар барлық абонеттер бойынша ақпаратты біріңғай мемлекеттік деректер базасына енгізу қажет.

Естеріңізге сала кетелік, бұл деректер базаға түспеген жағдайда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді операторлар мұндай нөмірлердің қызметін автоматты түрде тоқтатады.

Связанные Статьи