Шымкентте Қазпоштаның цифрлық кеңсесі ашылды

/uploads/thumbnail/20181101101747790_small.jpg

Еліміздегі ірі мегаполистердің бірі – Шымкентте «Қазпошта» АҚ-ның цифрлық кеңсесі ашылды. Бұл Қазақстандағы 7-ші цифрлық кеңсе.

Пошта қызметінің барлық түрі цифрлық жүйеде көрсетіледі. Гибридті банкомат, поштамат, төлем терминалы, электронды қызметтер жұмыс істейді. Онда тек қана 2 кеңесші ғана азаматтарға көмек көрсетеді. Барлық төлемдер, сәлем-сауқат жіберу және алу цифрлық түрде 2-3 минуттың ішінде жасалады.

Жаңа кеңсе азаматтарға жайлылық пен сапалы қызмет ұсынады. Ондағы қызметтердің барлығы толықтай автоматтандырылған.

«Біздің басты мақсатымыз – азаматтарға цифрлық технология бойынша қызмет көрсету. Мәселен, біздегі кез келген бөлімшеде 20 адам жұмыс істейді. Ал мұнда тек 2 кеңесші бар. Басқа қызметтердің бәрін автоматтандырылған роботтар атқарады. Екі қызметкер арнайы оқудан өткен. Оған қоса бөлімге келген азаматтар өздерінің цифрлық сауаттылығын көтереді», – дейді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Ұлттық оператордың мұндай кеңселері бүгінде Алматы, Астана, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында бар. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін Қостанайда ашылатын болады.

Сондай-ақ, Қазпошта мегаполисте электронды сауданы дамытпақ ниетте. Алдағы уақыттарда цифрландыруға қатысты жобалар бой көтермек.

«Біз қала әкімі Ғабидулла Рахматуллаұлымен цифрландырудың жобаларын Шымкентте енгізу туралы келісім жасадық. Ол мынадай жобалар: е-КСК, барлық коммуналды төлемдерді бір түбіртекке біріктіретін – бірыңғай төлем құжаты, әлеуметтік карта және үйлердің жаңа индексі», - деп жазады С. Сәрсенов өзінің Facebook парақшасында.

Связанные Статьи