Қазпоштаның сұрыптау орталықтарында LEAN мәдениеті қолданылуда

/uploads/thumbnail/20181101101949390_small.jpg

«Қазпошта» АҚ-ның 16 сұрыптау орталығы LEAN-мәдениетін қолдануда. Мұндай үнемді өндіріс технологиясын (Lean-жүйесі) енгізу ұлттық операторға пайдалы өндірістік объекттерін өңірлерде 70%-ға дейін кеңейтуге мүмкіндік беруде. Бұл жөнінде Қазпоштаның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Пошталық сәлемдемелерді өңдеу барысында үлкен хабтарды өңдеу екі аптадан бір тәулікке дейін қысқартылды. Ал аймақтық сұрыптау орталықтарында – 24 сағаттан 12 сағатқа дейін төмендегені белгілі болып отыр. Осының арқасында қызметкердің өнімділік тиімділік көрсеткіші екі есе артты.

Бизнес-үдерістерді оңтайландыру Қазпоштаның 16 сұрыптау орталықтарында Трансформация бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Осының нәтижесінде орталықтардың ішінде әртүрлі бөлімдерді орналастыру қайта қаралуда. Сондай-ақ, поштаны сұрыптау операциялары автоматтандырылды, тасымалдау азайтылып, шығындар жойылды.

Сонымен қатар, бұдан басқа, шамамен 1500 сұрыптаушылар және пошташылар LEAN-мәдениетін арнайы оқыту әдістері бойынша курстардан өтті. Ал үздік мамандар шетелдерден, атап айтсақ Ресейде және Германияда өткен болатын. Бұл өз кезегінде қызметкерлерге үнемділік жүйесін тиімді пайдалануды және Lean-ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Связанные Статьи