Қара киімділер кімдер?

/uploads/thumbnail/20170708174225735_small.jpg

Қап-қара киiніп, бет-жүзін де қарамен бояп, үстi-басына түрлі темір-терсектерді жылтыратып іліп, денесіне сурет салдырып, пирсингке толтырып алған немесе басқа да «ерекше» тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз? Оларды бір топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi деп қабылдаңыз. Олар өздерін «готтар»  деп атайды.

Шынымен де, бұл қызықты құбылыс болғанмен, оның астарында үлкен мәселе бар. Жұрттың назарын еріксіз аударуға мәжбүр ететін «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiктің мәдениетi. Бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады.

Готтар – ағылшын тілінен аударғанда варварлар, яғни тағылар деген мағынаны білдіреді екен. Жасөспірімдер арасында кең тарал­ған бұл ағымды ұстанушылар өмірден түңіл­ген, сарыуайымға салынған, өмірдің көлеңкелі жағына бейім тұратын жандар болып келеді. Олардың ұстанымы көбіне өліммен байланысты. Осыған орай, готтар белгілі күндерде қорымның басында кез­десіп, сонда өздерінің түрлі шараларын өт­кізеді. Сатанашылардың бір буыны тү­рін­дегі готтар сезімдерін тежемей, ойла­рына не келсе, соны істеуге бейім тұрады. Қара киім киіп, шаштарын тікірейген үлгіде немесе тақырлатып алдырып, көздерін, беттерін қара бояумен бояп алатын олар­дың сыртқы кескін-келбетінің өзі сұрқай, адамның көңілін құлазытатындай болып келеді. Готтардың орташа жасы, негізінен, 15-19 жас аралығында. «Еркін махаббатты» ұста­натын олардың арасында гомосексуалистер мен бисексуалистер де көп кездеседі. Тәнін саудаға салатын жезөкше гот қыздар мен көгілдір жасөспірімдер де аз емес. Мәскеуде, басқа да ірі қалаларда готтардың киім үлгілерін сататын арнайы дүкендер де бар екен. Олардың тыңдайтын музыкалары ақыл-естен айыратын даңғаза әндер немесе қорқыныш туғызатын үрейлі саздар болып келеді.

Сырттай қарағанда бұл ағымның өкіл­дері жиналып алып, музыка тыңдайтын еш­кім­ге залалсыз жандар сияқты көрінгені­мен, іс жүзінде олай емес. Готтардың же­­ке­­ле­ген топтары қорымдарда түрлі тағылық әрекеттер жасайтындығы жайлы мәлімет­тер бар. Олар өлілердің тыныш­тығын алып, қабірлерді қиратып, қорым басында ойларына келгенді істеп жатады.

Готтар арасында жиі кездесетін тағы бір келеңсіздік – өздеріне қол салуға бейім тұ­ра­тындығы. Бұл қозғалыстың басты мақ­саты да жастарды депрессия күйге түсіріп, сарыуайымға салдыратын және өліммен байланысты түсінікті санаға сіңіретіндігін ескерсек, өздеріне қол салатындардың көп кездесуінің себебін түсіну қиын емес. 2006 жылы Ресейдің Благовещенск қаласында 14 және 16 жастағы екі қыз бала 12-қабат­тан секіріп, мерт болған. Олардың өлер ал­дындағы жазып қалдырған қағазында «бұл өзін-өзі өлтіру декаданстың дара жауынгеріне бағышталады» деп жазылып­ты. Ал өткен жылы сол Ресейдің Мәскеу түбіндегі Балашиха қаласында тұратын 11-14 жас аралығындағы готтар ағымын ұстана­тын үш қыз бала биік үйдің терезесінен бір мезгілде секіріп, мерт болды. Биылғы жыл­дың басында Коми астанасында 16 жастағы қыз қорымдағы крестке асылып өлген...

Осылайша, өздеріне қол салған гот ағы­мының өрімдей жас өкілдерінің қатары жыл өткен сайын өсе түсуде. Готтардың сойқаны өздеріне қол салумен ғана шек­телмейді, олар жазықсыз жандарды қаты­гездікпен өлтіруге де бейім екендігін бірқа­тар оқиғалар айғақтайды. Өткен жылы жазда Ярославль қаласында болған қанды оқиғалар жайлы ресейлік БАҚ-тар жарыса жазды. Бес адамнан тұратын готтардың тобы бірнеше адамды өлтіріп, денелерін бөлшектеп далаға тастаған.

Готтардың қорымға жақын жүріп, түрлі шараларын сонда өткізуге құштарлығы олардың арасында жыныстық құштарлыққа байланысты психикалық аурулардың жиі кездесуіне жағдай туғызатын көрінеді. Медицина ғылымының кандидаты, ресей­лік сексопотолог ғалым А.Воронин гот­тар­дың арасында мәйіттермен жақындасуға ынтық психикалық аурудың көп екендігін айтады.

«Жаман ауру жұққыш келеді» дегендей-ақ, жасөспірімдер арасындағы субкуль­ту­ралық қозғалыс саналатын готтар ағымы біздің елімізде, Павлодар қаласында үш жыл қатарынан мәдениет сарайында бейформалды жастар фестивалінің өткізіліп тұрған. Аталмыш мәдени шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен бейформалды жастар жиналып отырған.

Көкшетау қала­сында да бой көрсетіп отыр. Олар ескі қорым­да түн мез­гілінде жиналатын отырған. Тырнақтарын үшкірлеп, сау­­сақ­тары көрініп тұратын темірмен құр­салған қара қолғап киген жасөспірім боз­ба­лаларды, бастан-аяқ қара киім киген қыз­дарды оқта-текте автобуста, көшеде кездестіріп жатамыз.

Әр нәрсеге еліктеуге бейім келетін жасөспірімдердің осындай жаман, қатерлі ағымдардың ықпалына түсіп кетуіне жол бермеу үшін үйде ата-аналар, мектепте мұғалімдер болып, тәрбие, сонымен бірге діни тәлім-тәрбие жұмыстарын жан-жақты жүргізу аса қажет.

Тағы бір ауырыу ЭМО. Оның өзiнше тағдырлары бар. Олар тек қара мен алқызыл түстi ғана мойындайды. Эмо немесе эмо-кидтер — бұл шаш үлгісі өзгеше жасөспірімдер. Яғни, бір көзін жауып алатын қисық кекілі барлар. Көптеген жастар аталмыш топтың сыртқы келбетіне бола, эмо атануы мүмкін. Нәтижесінде, шынайы эмолар – «тру» (ағылшынша true — ақиқат) және ермек еткендерді «позер» (ағылшынша. poseur —еліктегіш) деп екіге бөлінеді. ЭМО – бұл эмоция сөзінің бастапқы үш әрпінен алынған. Психолог мамандардың айтуына қарағанда, біздің қоғамымызда бейформалды, яғни «неформалы» деп аталатын жастардың пайда болуын бірнеше себептермен байланыстыруға болады. Біріншіден, бұл құбылыстың пайда болуын рухани тәрбиенің жоқтығынан деуге болады. Ата-ана қамқоры мен назары аздығынан жеткіншектер өздеріне ұқсас қызығушылықтары бар ортаны табуға тырысады. Солай бір-бірін тауып, бейформалды топ құрып алады. Олар кішкентай мемлекет іспеттес. Демек, ешкімге ұқсамайтын дүниетаным, белгілер, ерекше келбет... Субмәдениет қоғамдағы ауыр індет, ата-ана қамқорлығымен ата-анасыз балалардың ең оңай душар болатын дерті, сонымен бірге отбасы тәрбиесін тыңдамайтын, қараусыз, тәрбиесіз, тез өкпелегіш жасөспірімдер бұларды өздері іздейді. Екінші бір жағынан олардың сыртқы келбеті жастардың қызығушылығын тудыруда. Бұл қатарда қазақ жастары да беттерi мен құлақтарына, тiлдерi мен мұрындарына, қастарына түрлi пирсинг-сырғаларын iлiп алып, рок пен гот атануда. Атаулы ағым олардың болашақ жолына кедергi болуы әбден мүмкiн. Ал жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған эмо, рок субмәдениеттерi әзірге үрейленетін жағдай туғызбағанымен, уақыт өте келе жастарды қандай қауіпке тап қылары беймәлім.

 Нұрхалық Абдурақын

Оставить комментарий

Связанные Статьи