Елбасы «халықты газбен қамтамасыз ету керек» дегенді өзінің бес әлеуметтік бастамасында айтып өткен болатын. Әрине, газ мәселесі қай кезде де өзектілігін жоғалтпаған. Алайда газ құбырын тарту мемлекет үшін өте қымбатқа түсетін жоба болып табылады. Сол себепті Үкімет жоба құнын арзандатуды талап етті. Сонымен бірге төмендегі цифрларды көріп шошынбаңыз. Бұл қаржының барлығы халықтың жағдайын жақсартып, түгел газбен қамтамасыз етуге арналған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Елбасы үндеуде тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда газ өндіруді 8 млрд-тан 52 млрд текше метрге дейін арттырғанын айтқан болатын. Сонымен бірге қарапайым халықтың 50 пайызы газ тұтынып отырғанын аса назар аударды.
Негізгі статистикалық мәліметтерді негізге алсақ, соңғы бес жылдың ішінде Қазақстан халқының 3 млн тұрғыны газды қолдана алған. Нақтылай айтқанда еліміздегі шет аймақтардағы, өңірлерді газдандыру жобасы 30 пайыздан 48 пайызға дейін өскен. Қазіргі кезде Қазақстанның тоғыз аймағы газбен қамтылған деп сеніммен айа аламыз. Бірақ газбен қамтамасыз етілмеген аймақтардың барын да жоққа шығара алмаймыз.
Жоғарыда қарапайым халықтың тең жартысы газбен қамтамасыз етілгенін тілге тиек еткен болатынбыз. Бұл жаман көрсеткіш емес. Бірақ халықтың әлі тең жартысы отын мен көмір жағып отырғанын байқауға болады. Сонымен бірге мезгілге байланысты көмір мен отын тапшылығы әрі қыымбатшылығы да өзекті мәселелердің қатарына кіреді. Өкініштісі де осы. Алайда бұл өзге мақалаға арқау болар тақырып. Бұл мәселеге қатысты да билік тарапынан түрлі шаралар іске асырылып жатыр.
Алайда осыған дейін бірнеше жобалар қолға алынып, кейін іске асырылмай қалып жатты.Олардың бірқатарын еске салып көрелік.
Бүгінгі дейін Қазақстанды газдандыруға қатысты түрлі жобалар болды. Өкініштісі, олар жүзеге аспай, ізім-ғайым жоғалып кетті. Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана бағыты бойынша салынуға тиіс болған «Батыс-Орталық-Солтүстік» магистральды газ құбыры жобасы жайлы екі мыңыншы жылдары айтыла бастады. Аталмыш жобаға «Бұқара-Орал» магистралды газ құбыры арқылы еліміздің орталық, солтүстік аймақтарын көгілдір отынмен қамту міндеті жүктелді. Жобаның құнына, құбыр арқылы тасымалданатын газ көлеміне, құбырлардың диаметріне бірнеше рет түзету енгізілді. Нәтижесінде «АстанаГаз-ҚМГ» АҚ жобалық компаниясы құрылып, 700 миллиметрлік құбыр арқылы Тобыл мен Астана арасындағы 830 шақырым қашықтыққа газ жеткізу үшін 213 млрд теңге қажет екені нақтыланды. Үкімет «Бұқара-Орал» магистральды газ құбыры ресейлік «Газпром» компаниясына тиесілі екенін, егер Қазақстан аталмыш магистральды газ құбырына қосылса, көрші елдің газына тәуелді болатынын алға тартты. Ақырында, 2014 жылы 5 қыркүйекте жобадан біржолата бас тарту туралы шешім қабылданды. Қазақстан үшін «Алтай» атты жоба да баянсыз болды. 2014 жылы Ресей Қытайға бұрынғыдан көп газ жөнелтпекші болды. Осылайша екі ел «Алтай» магистралды газ құбыры арқылы көгілдір отын тасымалдауға көшті. Өз кезегінде біздің ел Қытайға «Алтай» магистралды газ құбыры арқылы тасымалданатын көгілдір отынды Қорғас немесе Алашанькоу арқылы өткізуді ұсынды. Бұл бастама Ресей Федерациясының оң жамбасына келмеді. Қытай да Қазақстанның бастамасын құп көрмеді. Себебі екі ел Қазақстанның транзиттік елге айналғанын қаламады. Себебі Ресей Қазақстанға газ транзиті үшін ақша төлегісі келмеді. 2012 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Астананы қоса алғанда, елдің орталық өңірін газдандыруды қамтамасыз ететін құбыр жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Бұл – көп қаржыны қажет ететін маңызды жұмыс. Газға тәуелділіктен арылу үшін біз оны жасауымыз керек. Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елімізді газдандыруға міндеттіміз», – деп үкіметке тапсырма берді. 2013 жылдың 23 қаңтарында мемлекет басшысы жоғарыдағы мәселеге қайта оралды.
Қазіргі кезде Астана қаласының өзінде газ жоқ, Көмірдің кесірінен елорда түтінге тұншығады. Кейіннен Қазгидромет 2016 жылы бас қаланың ауаның ластану деңгейі бойынша төртікке енгізген болатын. Мемлекет басшысы өз үндеуінде «газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады» деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты Астана қаласында «Тельман» екінші газдандыру станциясы іске қосылмақ. Ол Астананың «Пригородный», «Тельман» тұрғын үй алаптарына, жеке секторларға және «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы халықаралық әуежайды газбен қамтамасыз етеді деп жоспарлануда. Осы уақытқа дейін Тұран даңғылының бойына регазификациялаушы станция салынған болатын. Сол арқылы қазір Назарбаев университетіне, қорғаныс министрлігінің академиясына, ғарыш орталығына газ жеткізіліп отыр. Жоспарға сәйкес, жыл аяғына дейін «Барыс Арена», «Алау» спорт кешендері газбен қамтамасыз етілмек. Астана қаласы әкімдігі алдағы уақытта ЖЭО- 1,2,3 су жылытатын қазандықтары газбен жылытылатынын, бұл үшін автоматтандырылған станция орнатылатынын айтқан болатын. 2019 жылы әкімдік 12 млрд теңге бөлмек.
«Солтүстік құбыр» жобасы тоқтағаннан кейін елімізде Астананы Қарағанды көмір бассейніндегі көмір қыртыстарындағы метаннан (КҚМ) алынатын сұйытылған табиғи газбен (СТГ) қамтамасыз ету мәселесі қарастырыла бастады. 2013 жылы сол кездегі Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Әлімжанов былай деп мәлімдеді: «Біздің техникалық мүмкіндігіміз жылына 4 миллиард текше метрге дейін газ өндіруге мүмкіндік береді. Яғни Қарағандыны, бүкіл Қарағанды облысын және Астананы өз газымызбен қамтамасыз ете аламыз». Осыған байланысты «Самұрық - Қазына» ұлттық-әлауқат қоры еліміздің газ саласындағы ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» компаниясына КҚМ-ның ресурстық мүмкіндіктерін нақты анықтау міндетін жүктеді. 2014 жылдың наурыз айында Үкімет Елбасының тапсырмасын орындауға байланысты еліміздегі көмір қыртыстарындағы метан газын өндіру және кәдеге жарату жөніндегі жол картасын бекітті. «Бақсақ бақа екен» демекші, біраз уақыт өткеннен кейін Астананы газдандырудың бұл жобасы да жарамайтын болып шықты. Оның басты себебі, өндірілетін метан газының өзіндік құнының өте қымбатқа түсетіндігінде болды. Есептеулер көрсеткеніндей, КҚМ газының өзіндік құны әрбір мың текше метрі кем дегенде 120 доллардан айналатынын көрсетті. Бұл құбыр арқылы келетін табиғи газ құнынан екі-үш есе қымбатқа түспек. Оның үстіне бұл жобаны жүзеге асыру үшін мол қаржы құятын инвесторлармен бірге метан газын өндіретін тәжірибесі және озық технологиялары бар шетелдік компанияларды көптеп тарту қажет болды. Елбасы биылғы наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арнаған Үндеуінде «Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Біз Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магистралды газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек», деп атап көрсетті. Осыған байланысты Үкіметке «Сарыарқа» магистралдық газ құбырын салу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сөйтіп Астананы табиғи газбен қамтамасыз етудің тағы бір нақты ірі жобасы қолға алынды. Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, «Сарыарқа» жобасын жүзеге асыру үшін «ҚазТрансГаз» АҚ арнайы техникалық-экономикалық негіздеме жасапты. Бұл техникалық-экономикалық негіздеме бойынша «Сарыарқа» магистралдық газ құбырын салу төрт кезеңде жүзеге асырылмақ. Бірінші кезең, Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана бағыты бойынша ұзындығы 1081 шақырымды құрайтын газ құбырын және инженерлік желілерді салуды көздейді. Болжам бойынша, бірінші кезеңді жүзеге асыруға 267,3 миллиард теңге қаржы қажет. Екінші кезең бойынша, магистралды газ құбырын Көкшетау қаласына дейін тарту жоспарланған. Бұл – қосымша ұзындығы 276 шақырымды құрайтын газ құбыры. Оның құны 48,2 миллиард теңге деп белгіленген. Үшінші кезең бойынша, магистралды газ құбырын Петропавлға дейін жеткізіп, қосымша 177 шақырым магистралдық газ құбырын салуды көздейді. Оның құны – 18,9 миллиард теңге болмақ. Ең соңғы, төртінші кезең бойынша, Жезқазған және Теміртау қалаларында жалпы құны 35,5 миллиард теңгені құрайтын екі компрессорлық станса салу көзделген.
Қараөзек қазіргі таңда мемлекеттік аса маңызды кенішке айналған. Елбасы биылғы наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арнаған Үндеуінде «Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Біз Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магистралды газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек», деп атап көрсетті. Осыған байланысты Үкіметке «Сарыарқа» магистралдық газ құбырын салу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сөйтіп Астананы табиғи газбен қамтамасыз етудің тағы бір нақты ірі жобасы қолға алынды.
«Қараөзек» компрессорлық стансасы 2017 жылдың 3 шілдесінде іске қосылған. Бұл станса елдегі газ проблемасын шешіп, экспорт қарқынын арттыратын болады. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың айтуы бойынша аталмыш станса тәулігіне 43,5 млн текше метр газ айдайтынын айтқан болатын. Есептей келе бұл көрсеткіш оңтүстік пен солтүстік және орталық өңірлерді газбен қамтамасыз етуге әсер етеді екен.
Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, «Сарыарқа» жобасын жүзеге асыру үшін «ҚазТрансГаз» АҚ арнайы техникалық-экономикалық негіздеме жасапты. Бұл техникалық-экономикалық негіздеме бойынша «Сарыарқа» магистралдық газ құбырын салу төрт кезеңде жүзеге асырылмақ.
Бірінші кезең: Астана бағыты бойынша ұзындығы 1081 шақырымды құрайтын газ құбырын және инженерлік желілерді салу. Бұл жобаны іске асыру үшін 267,3 млрд теңге қаражат керек.
Екінші кезең: Көкшаетау қаласына магистралды газ құбырын тарту. Бұл шамамен алғанда қосымша ұзындығы 276 шақырымды құрайтын газ құбыры. Бұл жоспарды іске асыру үшін 48,2 млрд теңге қажет.
Үшінші кезең: Петропавлға 177 шақырымды құрайтын магистралды газ құбырын тарту. Бұл жобаның құны 48,2 млрд теңге болып саналады.
Төртінші кезең: Жезқазған және Теміртау қалаларына 35,5 млрд теңгені құрайтын екі компрессорлық станса салу.
Бұл осыдан біраз уақыт бұрын өткен кезекті Үкімет отырысында осы «Сарыарқа» магистралды газ құбырының (МГҚ) құрылысын салудың бірінші кезеңінің жобалау-сметалық құжаттамасы қаралды. Жоғарыда айтқанымыздай, бірінші кезеңнің жалпы құны 267,3 миллиард теңгені құрайды. Жоба бойынша құбыр диаметрі – 820 мм мөлшерінде белгіленген. Таңдалған құбыр диаметрі Астана қаласын және «Сарыарқа» МГҚ бойындағы елді мекендерді 2030 жылға дейін жылына болжамдалған 1,5 млрд текше метр көлемдегі газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында ғасыр жобасына пара-пар «Сарыарқа» магистралдық газ құбыры құрылысын қаржыландыру көздері де алғаш рет нақты көрініс тапты. Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов Үкімет отырысында жасаған баяндамасында жобаны қаржыландыратын құрылымдарды алғаш рет жария етті. Оның айтуынша, жобаның 267,3 миллиард теңге болатын жалпы құны былай бөлінген: «АстанаГаз ҚМГ» АҚ компаниясының жарғылық капиталын 80,3 миллиард теңге сомасына толықтыру, 102 миллиард теңге көлемінде банктерден қарыз алу, 82 миллиард теңге мөлшерінде «БЗЖҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау. «Сарыарқа» ҚМГ құрылысын салу мерзімі де осы Үкімет отырысында нақты белгіленді. Қазіргі күні Қызылорда, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері магистралды газ құбырын салуға арналған жер учаскелерін белгілеу жұмысымен белсене айналысуда. «ҚазТрансГаз» АҚ-тың Жол картасына сәйкес «Сарыарқа» ҚМГ бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бас мердігер анықталғаннан кейін, шамамен 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында басталып, 2019 жылдың соңында аяқталуға тиіс. Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласының әкімдіктері тұтынушыларға газ таратуды қамтамасыз ету мақсатында 2019-2021 жылдары газ тарату желілерінің құрылысын аяқтауы керек.
«ҚазТрансГаз» АҚ құбырды Астанаға дейін жеткізу процесін бір жылда атқарып шығуға болады дейді. Астананы газдандыруды қысқа мерзім ішінде жүзеге асыруға болатыны, ары қарай Петропавл, Көкшетау жаққа жеткізілетіні нақты айтылған болатын. Астанаға дейінгі құбыр көлемінің ұзақтығы 1080 шақырым шамасында мөлшерленіп отыр. Осыған орай Үкімет есебінше газ тарифі текше метріне 54-55 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Қазір еліміздегі газ тарифінің бағамы – 36-38 теңге шамасында. Сондай-ақ болжам бойынша газдандыру 370 млрд теңгеге түседі. Жолай бөлініп кететін желілерді қоса есептегенде шығын 670 млрд теңгеге жетпек. Елбасы бұл ретте халықаралық қаржы институттарының көмекке келетінін мәлімдеген еді. Бұл станса газ тасымалын жылына 6-дан 10 млрд текше метрге дейін арттыратыны белгілі. Елдің экспорттық әлеуетін де жоғарылатады. Қазақстанның газ жетпеген өңірлерін көгілдір отынмен толық қамтиды.
Осы секілді елімізді түгел газбен қамтамасыз етуге байланысты ірілі-ұсақты жобалар қолға алынып, іске асырылып жатыр. Бұл әрине қуантарлық жайт. Осындай қарқынмен жоспарлы түрде қолға алынған жобалар уақытылы іске асырылып, жүзеге аса берсе аз уақыттың ішнде Қазақстан халқы түгелімен газбен қамтамасыз етіледі деп сенеміз. Бізден қолға алынған жобалар ізім ғайым жоқ болмаса екен тілек бар.