Мемлекеттік бағдарлама тілдерді дамытуды көздейді

/uploads/thumbnail/20180618161453340_small.png

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мерейін үстем етіп, оның қолданыс аясын кеңейтіп, Қазақстан халқына өзге тілдерді үйренуге ынталандыру үшін түрлі қадамдар жасалуда. Оның тілдердің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Оның қандай міндеттерді арқалайтынына тоқталып өтелік.

Мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілін оқытудың орта мекемелерде, яғни мектептерде, арнайы білім беру мекемелерде, яғни колледждер, жоғары оқу орындарында, арнайы курстарда және т.б мекемелерде тың әдіснамасын дамыту, стандарттау. Одан бөлек қазақ тілін оқытудың, оқушыға түсінікті болуы үшін инфрақұрылымын дамыту. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында тұратын барлық этностарды қазақ тілін үйренуге ынталандыру үшін оқыту процесіне ынталандыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін қолданудың мәртебесін арттыру, кеңінен насихаттау, аясын кеңейту. Осылайша қазақстандық қоғамда қазақ тіліне деген сұранысты арттыру. Бұдан бөлек қазақ тілінің лексикалық қорын дамыту, бір жүйеге келтіру басты мақсаттардың бірі. Сонымен қатар, тіл мәдениетін дамыту, коммуникативтік, яғни тіл аясында орыс тілінің қызмет етуі екенін айта кеткен жөн. Сонымен бірге жоғарыда айтып өткендей, қазақ тілімен қатар, өзге тілді де үйрену. Мәселен, ағылшын тілін үйрену. Яғни Қазақстан Республикасындағы тілдік әралуандылықты сақтап отыру.

Бұл маңызды миссияны орталық және жергілікті атқарушы органдардың мойнына артылған. Олар қазақ тілінің мерейін үстем ету үшін талай қажырлы еңбек етіп келеді. Бұл жұмыстар атқарылу барысында кең байтақ Қазақстан Республикасында бір үйдің баласындай айрандай ұйып отырған барлық этнос өкілдерін өз ана тілін сақтай отыра, оларға мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін үйренуге ынталандыру, жағдай туғызу. Бұл ең алдымен ұлтаралық қатынасты жақсартып, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барлық этностарды қазақстандық біртектілік пен ауызбіршілікті беки түсуіне өте маңызды дәйек ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін өте ұтқыр әрі нәтижелі тіл саясаты.

Бұл мақсат, міндет, күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе тоғыз жылда, яғни 2011 мен 2020 жылдар аралығында орындалуы тиіс. Әу баста ол кезең, кезеңмен саты бойынша белгіленіп қойған. Мәселен, бірінші кезең екі мың он бір мен екі мың он үшінші жылдар аралығын қамтыды. Одан кейінгі саты, яғни екінші саты екі мың төрт пен екі мың он алтыншы жылдар аралығында іске асты. Біз қазір үшінші кезеңде жүрміз, яғни бұл кезең екі мың он жеті мен екі мың жиырмасыншы жылдар аралығын алады.

Нысаналы индикаторларға тоқталып өтелік. Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілін меңгерген Қазақстан Республикасының халқының үлесін сексен пайызға жеткізу, ал екі жылдан кейін, яғни екі мың жиырмасыншы жылы тоқсан пайызға жеткізу жоспарда бар.

Екі жылдан кейін, екі мың жиырмасыншы жылы орта білім беретін мекеме, яғни мектептерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін В1 деңгейінде білетіндердің пайыздық көрсеткішін жүзге жеткізу жоспарда бар.

Жоғарыда көрсетілген кезеңдер бойынша Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілі жобалардың үлесін арттыру, яғни қазақ тілінде контенттің үлесін пайыз, пайызбен көтеру мақсаты тұр. Әр кезеңге қойылған талапқа тоқталып өтелік.

Ең алғашқы кезеңде 2014 жылға қарай елу үш пайызға жеткізу жоспары болды. Үш жылдан кейін, яғни 2017 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдегі контенттің үлесін алпыс екі пайызға жеткізу қажет деп көрсетілді. Енді екі жылдан кейін, яғни екі мың жиырмасыншы жылға қарай жетпіс екі пайызға жеткізу басты мақсат.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы азаматтарының ономастикалық комиссиялардың атқарып жатқан жұмысындағы түрлі шешім қабылдау процесін қызу талқылаған уақытта қоғамдық, әлеуметтік қол жетімді болуы, сонымен қатар, ашық болу дағдысына сәйкес, қанағаттанушылық дәрежесінде бірнеше кезеңге бойынша жіктеді. Оларға жеке-жеке тоқталып өтелік. Тілдерді дамыту мен қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама аясында, 2014 жылы Қазақстан Республикасы тұрғындарының ономастикалық комиссия жұмысындағы шешім қабылдау секілді жұмыстарда халыққа қолжетімді болу үрдісін алпыс пайызға жеткізу, ал 2017 жылы жетпіс пайызға жеткізу, ал екі жылдан кейін, яғни 2020 жылы тоқсан пайызға жеткізу мақсаты бар.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейтуге бағытталған бағдарламадағы нысаналы индикаторлар бұдан бөлек бірнеше бөлікке бөлінген. Соның әр қайсысына тоқталып өтелік. Мәселен, екі жылдан кейін, яғни 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің реттеліп, бір жүйеге келтірілген терминологиялық қорының үлесін жүз пайызға жеткізу міндеті тұр.

Сөзіміздің басында айтып өткендей Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен оның қолдану аясын кеңейтуде мемлекеттік тілдей кейін, өзге тілдерді үйретуге жол ашу. Мәселен, ағылшын тілін, орыс тілін үйрету. Осы ретте орыс тіліне тоқталып өтелік.

Қазақстан Республикасы тұрғындарын жаппай сауаттандыру, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзді негізге ала отырып, орыс тілін білетін Қазақстан Республикасы тұрғындарының пайыздық көрсеткіш бойынша тоқсан пайызға жеткізу жоспарда бар.

Міндеттер тізбегін ары қарай жалғастырайық. Этномәдени бірлестіктер жанындағы мемлекеттік тіл мен түрлі этностардың ана тілін үйренуге бағытталған курстарда оқитын этностардың үлес санын 2020-ға қарай сексен пайызға жеткізу міндеті тұр.

Бұл ретте ағылшын тілінің де маңызы зор екенін де атап өту керек. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейту мақсатында 2020 жылы ағылшын тілін білетіндердің санын жиырма бес пайызға жеткізу қажет. Ал үш тілді де, яғни қазақ тілін, ағылшын тілін, орыс тілін жетік меңгергендердің үлес салмағын жиырма пайызға ұлғайту күн тәртібінде бірінші тұрған міндет.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен оның аясын кеңейту мақсатында мемлекет бюджетінен қаржы бөлінді. Жалпы шығын -  19 134 946 мың теңге. Бұл қаржы игі іске жұмсалып, Қазақстандағы тілге қатысты мәселені шешіп отыр.

Темірлан Хасанов

Связанные Статьи