Қазақ тілінің мерейі үстем, қолданыс аясы кең

/uploads/thumbnail/20180219122011625_small.jpg

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан ұлттық саясаттың басты мақсаттарының бір тармағы – тіл. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, қай елде болмасын тұрақты түрде үздіксіз даму – әлуеметтік процестердің нәтижелі жүргізілуінің басты өлшемі. Үздіксіз даму - басты шарттарының бірі әрі бірегейі – Қазақстан Республикасында тұрып жатқан түрлі этностардың жергілікті ұлтпен татулығы, достығы. Қазақстан секілді кең байтақ елді өз үйіндей көріп өзара татулықта өмір сүріп жатқан көп ұлтты елдің мұндай жаймақшуақ жағдайдың орнауы тіл саясатының дұрыс жүргізілуі себеп.

Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан этностар мен жергілікті халық, яғни қазақтармен ұлтаралық қарым-қатынастың жақсаруы, бейбітшілікте өмір сүру, өзара келісімнің болуы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған тіл саясатының ықпалы екендігін айта кету керек. Себебі, әлем бойынша тіл саясаты маңызды роль атқарады. Ол ең алдымен сол елдің мемлекеттік тілінің мерейін үстем етеді. Оның жаңа ғылымдағы жаңалықтарды және оған қатысты түрлі терминдердің қазақ тілінде дұрыс аударылу мен дұрыс қолданылуына, тіпті елдегі бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тілде сөйлеп, мемлекеттік тілде ақпарат таратып, мемлекеттік тілде жоба көптеп жасалуға, сәйкесінше мемлекеттік тілді жобаларға сұранысты арттыруды көздейді.

Бәлкім, моноұлтты елдерде мұндай мәселе жоқ шығар. Алайда көк аспанның астында бірге өмір сүріп жатқан көп ұлтты елдерде өзге этностардың мәдениетін, өз ана тілін, салт-дәстүрін сақтай отыра, мемлекеттік тілді үйрету және мемлекеттік тілді жетік меңгеруі үшін ынталандыру.

Жоғарыда атап өткен тілдерді дамыту мен оның аясын кеңейтуді көздейтін Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы және өзге де мақсатты көздейді. Және оның іске асуы үшін нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді.

Себебі, Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан тіл саясаты – тереңге бойлаған тарихи тамырының морт сынуын қаламауы үшін, оны сақтап қалу мақсатында кез келген тіл мен кез келген азаматтың құқығын қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан кез келген азматтың өз ана тілін сақтай отыра өзге тілді меңгере алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

Қазір Қазақстан Республикасы бойынша жиі-жиі түрлі семинарлар өткізіледі. Онда теориялық және практикалық тұрғысынан қазақ тілін үйрету. Олардың көп жағдайда тегін өткізілетінін айта кеткен абзал. Қазақ тілін үйрену қызықты әрі жеңіл болуы үшін оқулықтар шығарылып жатыр. Онда тіл үйренудің оңтайлы жолдары қарастырылған.

Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік тілге қатысты түрлі деңгейдегі фестивальдер, конкурстар өткізіліп тұрады. Онда этностардың өзінің қазақ тілін білу деңгейі сараланады. Бұл өз кезегінде қазақ тілін үйренуге зор стимул береді.

Тілдерді дамыту мен қолданудың аясын кеңейту мақсатында құрылған 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама түрлі салада, атап айтар болсақ: медицина, спорт, мәдениет, өнер, ғылым, білім және тағы да басқа салаларды қолданылуын қамтамасыз етуді көздейді.

Айта кетейік, Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында әлем бойынша түрлі салада жазылған, әлемге жаңалық әкелген, зор нәтижеге жеткен, қоғамға берері мол, халықты рухани, мәдени тұрғысынан дамытатын, байытатын, халықтың менеджмент, экономикалық сауатын ашатын кітаптар қазақ тіліне аударып шығарып жатыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық аударма бюросы әлемдік, әлемдік әдебиетте өзінің өшпес із қалдырған, есімі алтын әріптермен жазылған авторларды қазақ қоғамына қазақ тіліне аударып, ұсынып отыр.

Бұл да өз кезегінде қазақстандық қоғамға рухани байлық сыйлап қана қоймай, қазақ тілді кітаптарға деген сұранысты арттырып отырғанын да ерекше атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасында тілге қатысты қабылданып жатқан бағдарламалардың өз нәтижесін, жемісін беріп жатқанын қазір айқын көре аламыз. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын қазақ қоғамы «қазақстандық телеарналарда қазақ тілді жобалар жоқтың қасы. Барлығы орыс тілінде жүргізіледі. Қазақ тілінде жоба шықса да прайм-таймда емес, ел көрмейтін, түнде, таңға жуық немесе ел жұмысқа, оқуға дайындалып жатқанда және ұйықтап жатқанда көрсетеді» деп шағымданып, наразылығын білдіріп келген. Қазір жағдай мүлде өзгергені айқын көрінеді.

Білім беру саласын алып қарайық. Қазақстанда жылдан-жылға қазақ тілінде ұлттық бірыңғай тест тапсыратын да, қазақ тілді класстар мен мектептердің көбеюі де ұтқыр тіл саясатының арқасында қол жеткізген жетістік.

Жоғары оқу орындарында да қазақ топтарында оқитын және қазақ тобында оқуға ниет білдіргендердің жыл санап артып келеді.

Бұл – тілдерді дамыту мен оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында қабылданған 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламада барлығы қарастырылған.

Кез келген бұқаралық ақпарат құралында қазақ тілді аудиторияның да, қазақ тілді жобаның да өскенін және ең бастысы телеарналарда көрсетілетін қазақ тілді жобалардың қазір ерекше сұраныста болып, прайм-таймда көрсетілетіні көңілге медеу. Қазақстандағы интернет сайт болсын, газет немесе журнал болсын қазақ тілінде көптеп шығады. Бұл – қазақ тілді ақпаратқа деген сұраныстың артқанының анық көрсеткіші. Демек қазақ тілін жетік меңгерген адамның санының өскенін, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңігенінің көрсеткіші. Бұл Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан тіл саясатының айқын нәтижесі һәм жемісі.

Связанные Статьи