ҚазҰУ журналистика факультетінде «Төл тарихым – тамырым» атты айтыс өтеді

/uploads/thumbnail/20170708175304219_small.jpg

2015 жылдың 27 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Төл тарихым – тамырым» атты республикалық студент ақындар айтысы өтеді. Айтысты ақын Серік Қалиев жүргізеді.

Әділқазылар алқасына танымал ақын Жүрсін Ерман, филол.ғ.д., профессор Бауыржан Жақып тең төрағалық етеді. Әділқазылар алқасының құрамында журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, ф.ғ.к., доцент Самал Дәрібаев, айтыскер ақын Әбдіғани Бәзілхан, айтыскер ақын Қайрат Құлмұхамет, «Қамшы» ақпараттық сайтының Бас директоры Қуаныш Біләл бар.

Айтысқа республикалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақ сынасады.

Айтыстың мақсаты - тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Жас ақындарды ынталандыру.

Айтыс тақырыптары:

  1. Қазақ хандары
  2. Қазақ билері
  3. Қазақтың батыр қыздары
  4. Қазақ батырлары
  5. Алаш ардақтылары
  6. Еркін тақырып

Айтыс демеушілері: ақын Әбдіғани Бәзілхан, жеке кәсіпкер Бектұрған Зейнелұлы.

Бас жүлдеге қомақты қаржы тігіледі.

Келем деушілерге есік ашық.

Өтетін орны: Әл-Фараби, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия факультеті, Малахит залы.

Өтетін уақыты: сағ. 14.00.

Байланыс ақпараты: Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы. Тел.жұм. 8(727) 377 34 43. Моб. 8 701 993 90 07.

Связанные Статьи