Латын әліпбиіне көшу ­– уақыт талабы

/uploads/thumbnail/20181213140319749_small.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы ­–қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»,­ -деген еді.  Сол уақыттан бері халық осы ұсынысты талқылап, басқа мемлекеттердің іс-тәжірибелерін зерттеп, бір түйінді пікірге тоқталатын уақыт та жетті. Ең бастысы – біздің елімізде бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан – латын әліпбиіне, ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын.  Елбасы осы жылдың сәуір айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы мәселеге нақты кірісу керектігін  атап айтты. Латын әліпбиіне  көшу жөніндегі  арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болат Әбдрәсілов  мәлім етті. Оның құрамына еліміздің гуманитарлық институттары, Тіл білімі институты, философия  институты кірді. Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдердің тәжірибесі зерделеніп, әдістері жасалды. Латын әліпбиіне көшудің нақты мерзімі айқындалып отыр. Бұл шара – мемлекеттік деңгейдегі өте ауқымды міндет.

Біз неге латын әліпбиіне көшуді көздеп отырмыз. Себебі: қазіргі таңда әлемде латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор. Мәселен, интернеттегі қолданатын әріп түрі, халықаралық жол қатынасы билеттері, мемлекет, ел атаулары, дәрі-дәрмек атаулары латын әліпбиімен  жазылған.  Сонымен қатар, ол әріппен таңбалану  заңдылықтары әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптарына сай келуін қажет етеді.  Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылады: математика, физика, химия, формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттерде осы әріпті пайдалануда.  Латын графикасының қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санын әлдеқайда аз болуы да оның жетістігі. Болып саналады. Көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26-29 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби.

Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы  филология ғылымдарының докторы Ш.Ыбыраев  бірнеше факторларды атап көрсетеді. Олар:

-тіл тазалығы мәселесі шешіледі: тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз;

- қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді;

- латын әліпбиіне көшу ­ қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады;

-түбі бір түркі дүниесі, негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек;

Міне, осындай басымдықтарын тізбелеп шыққан ғалым Ш.Ыбыраевтің пікірі  латын әліпбиіне еш күмәнсіз, қобалжымай латын әліпбиіне көшу керектігін: «Бізді біріктіретін кешегі ортақ тарихи тұлғаларымыз, салт-дәстүріміз, мейрамдарымыз, ойындарымыз, музыкалық аспаптарымыз, тағлымдарымыз, қала берді дүниетанымымыз бен өзге де жоқ тәлім –тәрбиеміз бар», ­- деп айтады.  Енді тілші ғалымдарымыз латын әліпбиіне көшу үшін үш жүйені ұсынуда: 1. Ағылшын тіліндегі нұсқасын сол күйінде өту; 2. Түрік тілінің толықтырылған нұсқасын алу, латында қазақ тілінде жоқ дыбыстарға жаңа таңба табайық. Немесе сол дыбыстарды қос әріптермен бейнелеу арқылы көшу ұсынылуды.  Ал, А.Байтұрсынұлымен қатар Тіл білімі институты латын әліпбие көшудің жобасын  әзірлеп те қойған. Бұл  институт мамандары ең әуелі өз еліміздің тарихындағы әліпби реформасының, сонымен қатар өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін килиллицадан латынға көшкен Өзбекстан, Түрікменстан, Әзіррбайжан, тағы басқа елдердің тәжірибелерін  зерттеп  және де осы реформаның бұл елдердегі оң тұстары мен жіберілген кемшіліктерінің бәрін де зерделеп, жинақтап отыр. Осының негізінде, яғни, латын графикасының негізінде «Қазақ әліпбиінің тарихы, тағлымы және болашағы» деген тақырыпбына  үлшкен кітап та шығарылды. «Латын әліпбиі арқылы түрік халықтары бірлікке жақындайды». Бұл пікірді  тіл ғылымының зерттеушілері мен ғалымдар, журналистер мен саясаткерлердің басым көпшілігі қолдап отыр. Олар Мұхтар Құл-Мұхаммед, Аманқос Мектептегі, Дос Көшім, Ерлан Карин, Ерлан Қажыбек, Шәкір Ыбыраев, т.б. Дей тұрғанмен, «Кириллицада  тұрғанда  олардың  ана тілін үйренуге құлқы соқпағанда, латын әліпбиіне көшкенде ұлттық сезімі оянады деп ойлау қате түсінік»,­-дейтін М.Шаханов тың маңайындағы шағын топтың пікірі де жұртшылықты алаңдатып қалды. Ғалымдардың пікірінше, кирилл  жазуын қазақ тіліне икемдеудегі ең үлкен кемшіліктер төмендегідей  болды:

-қазақ тіліне жат, алайда орыс тілінің дыбыстарын таңбалауда қолданылатын –в,-ф, щ, ч, ц, ь, ъ, э, ю, я. Тәрізді басы артық таңбалардың қосылуы болды;

- Бұл «орыс  орыстық» экспансия демеске шара жоқ;

-Бұл таңбалар қазақ әліпбиіндегі әріптер санын көбейтіп қана қоймай, әріптердің көп болуы кез келген тілді үйренуді қиындататын факторлардың бірі болды.

-орыс тілі арқылы енген сөздердің тілімізге дыбыстық жағынан бейімделуіне кедергі болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайта тоқталды: 2017жылдың аяғына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикасының бірыңғай стандарттағы нұсқасын қабылдау керек екендігін атап өтті. Сонымен қатар, 2018жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажеттігін нақты көрсетті. Ал, 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастау керек деген тапсырма берілді.

Еліміздің білім, ғылым, мәдениет саласының биікке өрлеуі жолындағы нақты іс-шаралары –болашақ ұрпағымыздың өз елінің тұтқасы болуға жетелейтін игі қадамдар. Латын әліпбиі арқылы ұлттық құндылықтарымызды сақтап, тереңде жатқан, әлі көмескі күйінде ұмытылып бара жатқан ата-баба тарихындағы аңыз, әңгіме, жыр-дастандарымызды жинақтап, бай мұрамызды әлемдік деңгейге көтерілуге жол ашылады деп есептейміз. Болашақта латын әліпбиіне көшудің, игерудің нақты әдістемелері, жолдары зерттеліп, ұсынылатын болады.

 Ж.Әділханова, Ө.Сандықбаева,

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ

 ЖОО-ға  дейінгі дайындық

 кафедрасының аға оқытушысылары

Оставить комментарий

Связанные Статьи