Асқар Жұмаділдаев: Тілім бай, тарихым терең дегеннің бәрі бос сөз! (видео)

/uploads/thumbnail/20190425104411083_small.png

Танымал математик Асқар Жұмаділдаев "Шыңғыс ханның қазақ болуы маңызды ма?" деген сұраққа жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Асқар Жұмаділдаев "Парасат майданы" бағдарламасында айтқан. 

"Шыңғыс ханды бір минут қазақ деп есептейік. Не өзгереді сонда? Марста алма гүлдейді ме? Юпитерде жел тұра ма?  Екі жердегі екі бес бола ма? Әлде сізден мүйіз шыға ма? Мүйіз шықса қанша сантиметр шығады? Мен осы мәселені түсінбеймін. Сіз артқа қарап жүрмеңіз, керісінше алға қарап жүріңіз. Бүгінгіні ойлаңыз, ертеңгіні ойлаңыз. Біз мысалы мәңгілік ел дегенді жиі айтамыз. Мәңгілік ел деген қанша жыл? 1 жыл, 10 жыл ма? Қалай біз ол кезге дейін өмір сүреміз? Менің ойымша, білім іздесеңіз сіз ертеңгінің тірлігімен шұғылданыңыз. Егер сіз біреуді мойындатамын десеңіз технология жасаңыз. Технократ болыңыз! Сіз жапонның Tayota-сы секілді көлік ойлап табыңызшы. Бұл қолыңыздан келмесе мотоцикл немесе велосипед ойлап табыңыз. Ол да қолыңыздан келмесе дөңгелек ойлап табыңыз. Сонда ғана сізді мойындайтын болады. Сіз тарихым терең деп айтасыз. Бірақ тарихыңыз өзіңізден басқа ешкімге керек емес. Сіз тарихым терең емес деп айтқан қай елді білесіз? Сіз менің тілім бай емес деп айтқан қай елді білесіз? Сондықтан тілім бай, тарихым терең дегеннің бәрі бос сөз! Бірақ бұдан кейін өзіңізден кемшілік іздемеңіз. Сіз бұдан дұрыс қорытынды шығарыңыз. Сөз бен істің алшақтығы бар. Мысалы жапондар үшін сөз бен істің ара қашықтығы 1 см. Германия үшін — 2см. Ал америка үшін 5 см делік. Ал қазақ үшін қанша см? Менің ойымша мыңдаған шақырым секілді. Сөз бір бөлек ал ісі екінші бөлек", - дейді Асқар Жұмаділдаев. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи