Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен болуы мүмкін үшінші жекпе-жектен бас тартқаны туралы қауесетке нүкте қойды.
"Мен "Канеломен" алдағы болуы тиіс жекпе-жектен ешқашан бас тартқан емеспін. Мен өзімнің бас тартқаным туралы енді ғана естіп отырмын. Мен біздің жұдырықтасу кешіміз болады деп үміттенемін", - деді экс-чемпион.
Еске сала кетейік, ең бірінші рет "Канело" мен GGG 2017 жылдың қыркүйегінде жұдырықтасқан. Алғашқы кездесу тең нәтиже көрсетті. Араға бір жыл салып ұйымдастырылған реванш жекпе-жекте төрешілердің дауысымен "Канело" жеңіске жетті.
Егер Головкин 8-маусымда Стив Роллсты жеңсе, ал Альварес 4-мамыр күні Дэниэл Джейкобстан басым түссе, қос шебердің үшінші жекпе-жегі қыркүйек айында болады деп күтілуде.
Аударған: Әділет Мәдениет
Оставить комментарий