Владимир Зеленский: Ресейге қарсы кез-келген әрекетке даярмын

/uploads/thumbnail/20190429093624224_small.jpg

Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленский ресейлік көшбасшы Владимир Путиннің ДХР және ЛХР тұрғындарына Ресей паспортын беру туралы шешіміне қатысты ащы пікір білдірді.

"Владимир Зеленскийдің ресейлік төлқұжатқа қатысты позициясы туралы, Украина азаматтарының назарына!"

Ресей қазіргі уақытта Украинаның қарамағына кірмейтін аймақтарға өз паспорттарын беру арқылы оккупант-мемлекет жауапкершілігін жүктеп отыр. Бұл әрекеті Ресейдің Украинаға айтарлықтай қысым жасап отырғанының айқын көрінісі.

"Өкінішке қарай, бұл қаулы біздің негізгі шешімді қабылдауымызға түрткі болып отыр", - делінген мәлімдемеде.

Кез-келген жағдайда Украина тартып алынған аймақтардағы өз азаматтарының құқығын қорғау үшін, қауіпсіздігін сақтау үшін аянып қалмайды-мыс. Сондай-ақ, Украина уақытша оккупацияланған территориялардағы азаматтар құқығын қорғау үшін халықаалық ұйымдардың көмегіне жүгінбек.

Владимир Зеленскийдің жаңашылдықтарының бірі болып, оккупацияланған аймақтардағы азаматтардың ахуалын жақсарту, тартып алынған жерлерді мемлекет қарамағына қайта енгізу саналады.

Мәлімдеме соңына "Донбасс – бұл Украина" деген сөз бар.

Еске сала кетейік, кеше Владимир Зеленский өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш мәселелерге қатысты өте көлемді пост салған еді.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи