Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға демалуға барған. Жергілікті бес жұлдызды қонақ үйдің қызметкерлері мен қарапайым тұрғындар оның ерекшелігін айтып, таңдай қағысуда. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
Бордум қаласындағы мейрамханалардың біріндегі даяшының айтуынша, Зеленский өте қарапайым әрі жағымды, тартымды жігіт көрінеді. Сондай-ақ, жаңадан сайланған президентпен оны танымаған сатушы да тілдесіпті.
"Сіз бен біз сияқты өте қарапайым екен: жанындағы күзетшілері де жеңіл жеиде ғана киінген. Тіпті, күзетші екенін байқамайсың да", - деді сатушы.
Ал жағажайдың қауіпсіздік сақтау қызметкері оның қарапайым, байсалды әрі көңілді жігіт екенін айтады.
Еске сала кетейік, Украинадағы президент сайлауы нәтижесінде 72,5 пайыз дауыс үлесімен жеңіске Владимир Зеленский жеткен еді.
Оставить комментарий