Алла Пугачева "Голос дети" бағдарламасындағы финалистерге ерекше құрмет көрсетіп, өзінің атындағы алтын жұлдызды тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kp.ru сайтының дерегін негізге алып.
Алла Пугачева Ержан Максимнің өнеріне тәнті болып, оған хабарлама арқылы қолдау білдірген. Кейін финалда Алсудың қызы жеңіске жеткенін естіген Алла Пугачева талантты әншілердің көңілін аулап, қуантпақ болған. Әнші 4 финалисті өзінің мерейтойын жасаған қымбат мейрамханаға шақырған. Сондай-ақ оларға "Алла Пугачеваның атындағы алтын жұлдызды" табыстапты. Бұл награданы эстрада аңызы 2005 жылы жас таланттарды қолдау мақсатында құрған болатын. Сонымен қатар балалар дипломдар мен ақшалай жүлде, Лободаның жүлдесін алды.
Еске сала кетсек, ресейлік "Голос дети" бағдарламасының финалы қызу талқыға түсіп, көрермендер әділ өтпегенін айтып шу шығарды. Аталмыш сайыста Алсу атты танымал әншінің қызы Микелла Абрамова жеңіске жеткен болатын.
Аударған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий