«Тақтар ойыны»: Оқиға желісіне арқау болған 5 тарихи оқиға

/uploads/thumbnail/20190429103122610_small.jpg

Әлем күткен «Тақтар ойыны» сериялының сегізінші маусымы басталып кетті. «Тақтар ойыны» фэнтези-шоу жанрындағы тарихтағы ең айтулы фильмдердің бірі. Сегізінші маусымның бірінші бөлімінің премьерасын тек АҚШ-тың өзінде 17 млн адам тамашалап, рекорд жаңартқан. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасай отырып, автордың фильм желісін жазарда қандай тарихи оқиғаларды негізге алғаны туралы қызықты мәліметтер ұсынады.

«Тақтар ойынының» әлемінде аңызға айналған айдаһарлар да, біз сене бермейтін сиқыр да бар. Соған қарамастан, оқиға желісінің кейбір тұстары тарихи шындықтарға негізделгенін аңғаруға болады.

«Тақтар ойыны» Джордж Мартиннің кітабының желісімен түсірілген. Сонымен қатар ол сериалдың атқарушы продюсері. Автор шығарма желісіне шын  болған тарихи оқиғалардың қалай әсер еткені туралы жиі айтады. Сол себепті біз «Тақтар ойынының» оқиға желісіне әсер еткен бес тарихи оқиғаны жинақтадық.

  1. Раушандар шайқасы

Тақтар ойыны

 

«Ақ және алқызыл раушандар соғысы» - бұл XV  ғасырдағы тақ үшін таластағы өте ұзақ және шиеленіскен қақтығыстардың бірі еді.

Ланкастерлер мен Йорктар әулетінің өзара жауластығы – Англияны 300 жылдан астам билеген Плантагенеттер династиясының өзара жауласып өткен екі ұрпағы.

Бұл соғыс туралы тарихшы Томас Костейннің 1950 жылы төрт томдықпен шыққан Плантагенеттер туралы монументальді еңбектерінен көп нәрсе білуге болады.

Мартин болса, Костейннің еңбектеріне қызығатынын жиі айтады. «Раушандар соғысымен»  байланысты «Тақтар ойынында» Ланнистерлер мен Старктардың Вестерос үшін шайқасын ұқсастыруға болады.

2. Сот алдындағы жекпе-жек

Тақтар ойыны

«Тақтар ойынының» бірінші бөлімінде Питер Динклэйдж сомдаған Тирион Ланнистерді сотқа тартады. Алайда Ланнистер қарсыластарын соттан жекпе-жекке шақыру арқылы жазадан қашып құтылады.

Тирион өзінің орнына шайқасуға Бронды жібереді. Бұл оқиға – Джон Мартиннің қиялы емес. Сотты жекпе-жек арқылы шешу ортағасырлық Еуропада заңды механизм болған. Айыпталушы мен жәбірленуші кімдікі дұрыс екенін шешу үшін жауынгерлерді жалдап, оларды өзара шайқастыратын болған. Алайда «Тақтар ойынындағы» шайқастан айырмашылығы, бұл дау қанды шайқаспен аяқталмаған. Кімнің жауынгері тез беріледі, сол тарап жеңілген болып есептелетін.

3. «Қанды той» немесе «Қара түскі ас»

Тақтар ойыны

«Тақтар ойынындағы» ең ауыр және күтпеген жерден болған оқиға желісі сериалдың үшінші маусымында өрбіді. Маңызды үш кейіпкер бір бөлімде ажал құшты.

Робб Старк, оның анасы Кейтилин және аяғы ауыр әйелі Талиса қонақта отырып кісі өлтірушілердің қолынан қаза табады.

«Қанды той» - Мартиннің тарихи материалдарға жүгінгенінің тағы бір мысалы.

Бұл бөлімнің негізі ретінде «қара түскі ас» оқиғасы алынды. Бұл оқиға 1440-жылдары болған: король Яков ІІ 16 жасар граф Уильям Дугласты кіші інісімен бірге түскі ас ішуге шақырады. Дугластар Шотландиядағы ең беделді әулеттердің бірі болған. Түскі ас ішіп болғаннан кейін оларды жер төлеге апарып тастайды. 

«Егер деректерге сенетін болсақ, біреу өлімнің хабаршысы ретінде, үстел басына жабайы қабанның басын қояды. Граф пен оның інісін жертөлеге қамап, соңынан кароль Яковтың жалынғанына қарамастан басын алады», - дейді Мартин EW журналына берген сұхбатында.

4. Нағыз "Мұз қақпа"

Тақтар ойыны

«Тақтар ойынындағы» мұз қақпа – Вестеростың Жеті корольдігіне дейін созылып жатқан солтүстік шекараның шетіндегі 500 километрге жететін өте үлкен қақпа. 200 метр биіктіктегі қақпа корольдікті солтүстіктен келетін шабуылдардан қорғайды.

Қақпаны «Түн сақшылары» күзетеді. Сериалдағы басты кейіпкерлердің бірі Джон Сноу осы жауынгерлердің бірі.

Қақпаның образы Адриана шұңқырын негізге ала отырып жасалған. Ол римдіктердің Британиядағы жерлерін солтүстік тайпалардың шабуылынан қорғау үшін б.з.д. ІІ ғасырда салынған. Бұл танымал қақпа император Адрианның құрметіне аталған. 117 километрлік ғажайып қақпа біздің дәуірімізге дейін сақталған. Оны миллиондаған туристер келіп аралайды. Ал Джордж Мартин бұл танымал қақпаны 1980 жылы аралап, шабыт алғандықтан болар дәл осы қақпа «Тақтар ойынындағы» ең басты орынға айналды.

5. Алтын тәж

Бірінші маусымның соңында Вестеростың тағына қол жеткізе алмаған Визерис Таргариен көшпенділердің қолбасшысы Кхала Дрогодан әскер талап етеді. Оның өтеуі ретінде қарындасы Дайнеристі әйелдікке береді.

Кейін өзінің талаптарын қойған Визерис, аяғы ауыр Дайнеристің ішіне қылыш сермейді. Дрого Визериске «халықты үрейлендіретін алтын тәжді» беруге келіседі. Бірақ ол тұзақ болып шығады. Визеристің талабын орындайтын болып келіскен Дрого алтын медальдардан жасалған белбеуді қазандықта ерітіп, балқыған металды Визеристің басына құяды. Визерис сол сәтте жан тапсырады.

Тарихи деректерге сүйенсек, мұндай оқиға б.з.д. 260 жылы Рим императоры Валерианның басынан өткен. Ос оқиға туралы  IV ғасырда өмір сүрген Рим тарихшысы былай деп жазады: Императорды қолға түсіргеннен кейін парсылар оған отта еріген темірді шайнап, жұтуға мәжбүрлейді.

Бұл дау тудырған нұсқа. Алайда, осы оқиға «Алтын тәж» туралы бөлімді жазу барысында Мартинді шабыттандырған көрінеді.

Аударған: Маржан Сәбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи