Аян Дүйсембаевтың казинодан кейін тағы да басы дауға қалды (видео)

/uploads/thumbnail/20180827162336418_small.jpg

Атырау облысы полиция департаментінің басшысына қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсенбаевқа ұқсас адамға ат мінгізген видео таралады. 

Видеодан форма киген адамның атқа мініп, халық қошеметіне бөленгенін көруге болады. Қазақстанның ІІМ аталмыш видеоға қатысты түсініктеме берді. 

"Ішкі істер министрлігі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды", - делінген хабарламада.

Аян Дүйсенбаев осыған дейін де басы дауға қалған болатын. 2018 жылы Аян Дүйсенбаевтың казинода 1 200 000 долларынан 3 сағатта айрылған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейін ІІМ 2014 жылы Аян Дүйсенбаевтың Минск қаласында досымен бірге демалыста болғанын айтты. Сондай-ақ Аян Дүйсенбаевтың казинода ойнамағанын мәлімдеді. 

Оқи отырыңыз: 

♦Казинода $ 1 200 000 күлін көкке ұшырған біздің шенді ме? (видео)

♦Тоқаевтың "құпия" ишарасының мағынасы қандай? (фото)

Дайындаған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи