"Сондай бір жұмыскер, қызметкер тұлға. Сондықтан, бұл мәселе дұрыстап зерттеліп, тексеріліп, содан кейін ғана шешім қабылданатын шығар деп ойлаймын. Бірақ, мен үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соған көңілім түсіп, жаным ашып тұр", - деді Әйтімова сенат кулуарында.
Депутат вице-министр туралы жаңалықты әлеуметтік желіден оқып, білгенін айтқан.
Айта кетсек, кеше 5 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. Ал бүгін Эльмира Суханбердиеваның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
♦Білім министрлігіндегі былық: Кеткенің бе, Күләш-ау...
♦Білім және ғылым вице-министрінің үстінен іс қозғалды
♦Білім саласына көңілі толмаған депутаттар Шәмшидиноваға шүйлікті
♦ҰБТ: Білім гранттарын бөлу форматына өзгерістер енгізілді
Оставить комментарий