Алматыда үш адамды автокөлікпен қасақана соққан видео интернетте қызу талқыланып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталаған видео инстаграм желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланған. Түнгі уақытта түсірілген кадрда бір топ жаяу адамдар автокөлік жүргізушілерімен қақтығысады. Автокөлікке мінгендердің бірі үш адамды қасақана соққан.
"Бұл оқиғаның куәсі болдым. Таңғы сағат 4:00 шамасында төбелес болды, төбелесіп жүргендердің біреуі машинамен үш адамды қағып өтті", - деп жазды куәгер.
"Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде бірден ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша - 345-бабының 2-бөлігі "жол қозғалысы ережелерін бұзу" және 347-бабы "жол-көлік оқиғасы болған жерде қалдыру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелген. Ол Бостандық ауданының полиция басқармасында, сондай-ақ ЖП тергеу басқармасында тергеледі. Күдіктілердің анықталды, қазір оларды ұстау үшін жедел тергеу іс - шаралары жүріп жатыр", -деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оставить комментарий