Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде көпшілікті мазалап жүрген, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзекті міндеттер қойылып отырғаны қуантты. Бесінші бастамада елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру жайы сөз болған.
Осы орайда, Елбасының «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» әлеуметтік үндеуі шеңберінде облыста бекітілген іс-шаралар жоспары жүйелі жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, бірқатар елді мекендер көпкен күткен көгілдір отынға қосылуда.
Жалпы, облыста 377 елді мекен бар. Оның газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. Болашақта 2019-2027 жылдары газдандырылатыны 196 елді мекен, немесе 100 пайыз.
Соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен.
2019 жылы елді мекендерге газ келтіру құбырының құрылысна Республикалық және облыстық бюджеттен 6,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл жобалар толық іске асқан кезде 5 ауданның 81 елді мекенінде тұратын 101 мың адамның жағдайы жақсаратын болады.
Атап айтқанда, Шу ауданының 18 елді мекенінде 22 130 адам, Жамбыл ауданының 13 елді мекенінде 12 631 адам, Жуалы ауданының 15 елді мекенінде 9 457 адам газға қосылады. Сондай-ақ, Сарысу ауданы Жаңатас қаласына дейін салынатын газ келтіру құбырының құрылысна 3 миллиард теңге бөлінді. Осылайша, ауданның 14 елді мекенінде 39 539 адам көгілдір отынмен қамтылмақ. Жаңатас қаласына дейін тартылатын құбыр құрылысына 2020 жылы қалған 4,7 миллиард теңге жоспарланған.
Оның ішінде тек қана республикаға қарамай, Байзақ ауданының 21 елді мекеніне газ келтіретін құбыр құрылысына облыстық бюджеттен 1,3 миллиард теңге 21 елді мекенінде 17 241 адамға газ құбырын тартуға бөлінді.
Елді мекендердің ішінде газ тарататын құбыр құрылысына жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 2019 жылы облыстық бюджеттен 52 820 мың теңге бөлініп, 5 238 адамды орталықтандырылған газ торабына қосу қарастырылуда. Нәтижесінде Жамбыл ауданының 5 елді мекенінде, Жуалы ауданының 7 елді мекенінде, Шу ауданының 2 елді мекенінде га жүргізіледі.
Жыл соңына дейін 9 елді мекенді (Талас ауданы – 5 елді мекен, Саырсу ауданы – 4 елді мекен) орталықтандырылған газ торабына қосып, газдандырылған елді мекен санын 190 жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, үлестік саны 50 пайызды құрайтын болады.
Оставить комментарий