2 сәуірде ел бойынша ата-аналар жиналысы өтеді

/image/2020/03/31/crop-79_59_307x410_unnamed.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі онлайн оқыту бойынша дайындық жұмыстары туралы айтты.

– Ертең, 1 сәуір күні сынама түрінде арнайы сабақ жүреді. Мұғалімдер тесттік сабақтарын жүргізіп, балалардың жүйеге қосылуын тексереді. Соған сай тиісті жұмыс жүргізіледі, – деді ол.

Министр 2 сәуірде ата-аналар жиналысы өтетінін мәлім етті. Онда жүйеге қосылу, балалардың жұмысын ұйымдастыру, қашықтан оқытуды жүргізудің жайы сөз болмақ.

Ескерте кетелік, 5 сәуірде оқушылардың көктемгі каникулы аяқталып, оқушылар оқытудың онлайн жүйесіне көшеді.

Тағы оқыңыз!

♦ Аймағамбетов: Орта білім деңгейінде 4 бағыт бойынша сабақ жүргізіледі

♦ Қашықтан оқыту. 80 мың компьютер мен планшет сатып алынады

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи