Алматыда «қуыршақ қайыршылар» ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708193739398_small.jpg

Әдетте бала құшақтап қайыр тілеп жүргендердің қолындағы сәбилері оларды бір сәтке де мазаламайды. Күннің ыстығында, қыстың аязында да олар құндақтаулы баламен көше аралап күнелтеді. Осыдан екі жыл бұрын өлі баланың денесімен қайыр тілеп жүрген келімсектердің ұсталғанын ақпарат көздері халыққа жеткізген болатын. Ендігі жағдай да- жаға ұстарға жарарлық жаңалық болып тұр. Алматы қаласының Медеу ауданында қайыр тілеп жүрген әйелдердің қолында бала емес, құндақтаулы қуыршақ болған екен. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Алматы қаласының ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабаралайды.  Тексеру барысында ұсталған  үш әйелдің  біреуінің ғана қолында шынымен бала болған. Ал, қалған екеуі қуыршақпен халықты алдап келген.

«Әйелдер қуыршақты орап  алыпты. Өзбекстан азаматшалары бұл қадамға жеңіл ақша табу мақсатында барған. Олар біздің елге Көші-қон заңдарын бұзу арқылы келген екен.  Тексеру кезінде тіпті олардың құжаттары да жоқ болып шықты.»,-дейді Медеу аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Ерлан Оралбаев.

Оңай жолмен ақша табуды көздеген тілемсектер алдымен халықтың психологиясын зерттеп алатыны сөзсіз. Жеңіл жолмен ақша тапқысы келген қуыршақ-балалы «аналар» біздің халықтың жанашырлығына әбден сенім артса керек. Демек, отандастарымыздың арасында бала құшақтаған ана көрсе,  жүрегі елжірей қалатындар аз емес деген сөз. Әлде, билігі мен қалаулыларына алдана беретін қазақтың сол бір аңғал мінезін келімсектер де пайдаланғысы келе ме? Демек, басқаны қойғанда, бізді қайыршыға дейін алдап жүр екен ғой. Садақа берген жақсы ғой. Бәлкім бөгде елде күнелтіп жүрген олардың да жағдайы мәз емес болар. Дегенмен, сіздің мейірімділігіңізді  ақша табудың оңай жолына айналдыруға ешкімнің хақысы жоқ. Теңгеміз құнсызданып, ең кедей мемлекеттердің санатынан табылып отырған шақта қуыршақ- қайыршылардың көз жасын сүртетіндей жағдайда емеспіз.

Айнұр Төлеу

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи