Алматы облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 24 наурыз сағат 14:00-де Қапшағай-Бақанас жолында болған. Toyota Land Crusier көлігінің 58 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Mark II-мен соқтығысқан.
"Салдарынан 3 жолаушы мен Toyota Land Cruiser-дің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал Toyota Mark II жүргізушісі мен Toyota Land Cruiser жолаушысы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Аталған іс қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий