Ресей мен Қытай Батысқа бірге қарсы тұратынын жариялады

/image/2021/03/25/crop-12_7_395x614_e694271084ddbff043975daf4670a82d.jpg

The Telegraph басылымы Қытай мен Ресей АҚШ-тың "зиянды әрекетін" айыптады деп хабарлады. Бейжің мен Мәскеу Жаһандық алпауыт елдер арасында тұрақтылық орнату үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің саммитін өткізуге шақырды.

Сирек кездесетін дипломатиялық бірлікке келген Батыс коалициясы бұған дейін Қытайға санкция салған

Сонымен бірдей уақытта Ресейге де санкция салынғаны жарияланды. 

Қытай санкциялардан кейін Ұлыбритания мен ЕО елшілерін шақырды.

Қытай мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Қытайдың Гуйлинь қаласындағы кездесуден соң БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерін саммитке жиналуға шақырып, бірлескен мәлімдеме жасады. "Жаһандық тұрақтылықты сақтау мүддесінде адамзаттың ортақ мәселелерін шешу жолдары туралы тікелей диалог құру керектігі" айтқан олар "адам құқығы мәселелерін саясиландырудан" бас тартуға үндеді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу мен Бейжің АҚШ-тың ниеті туралы ұқсас пікірде деп мәлімдеді. "Олар қырғи-қабақ соғыстың әскери және саяси одақтарына сүйеніп, жаңа одақтар құрды. БҰҰ-ның халықаралық құқықтық жүйесін бұзды" деп айыптады.

– Мәскеу мен Бейжің Батыстың санкцияларын қабылдауға болмайды деп санайды. Бүгінде әлемдік аренада кез келген адамды жазалау – бұл қате, ал Ресей мен Қытайға қарсы осындай әдістерді қолдану – ақымақтық, – деді Лавров.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи