Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшамауданының тұрғыны Аяулым Байдахметова қызының аяғын басып кеткен көлік жүргізушісін іздеп жүр. Айтуынша, қызының аяғын сындырған адам барлық көмекті көрсетуге уәде беріп, артынша ұшты-күйлі жоғалған. Ал аяғы сынып, арбаға танылған Інжу төрт айдан бері жүре алмайды. Қызын өз бетінше емдетуге жалғызбасты ананың жағдайы жоқ. Жәбірленушінің жанайқайын Қамшы порталының тілшілері тыңдап қайтты.
Оставить комментарий