Леонардо да Винчидың ұшақ туралы сызбасы және Марстағы шағын тікұшақ

/image/2021/04/08/crop-11_12_1028x762_fb_img_1617879451483.jpg

Италиялық суретші Леонардо да Винчи 1480 жылдардың соңында адамзат тарихындағы ең алғашқы тікұшақтың құрылымы туралы қолжазба жазып қалдырған. Ол өзі жобалаған тікұшақ тәрізді затқа "әуе бұрандасы" деп ат қойған.

Қалам-сиямен сызылған сызбада су бұрандасына негізделген спиральды ротор бар, бірақ судың орнына ауаны итеруге арналған және қазіргі тікұшаққа ұқсас ұшатын құрылғының идеясы көрсетілген.

Леонардоның аннотацияларында спираль құрылғыны жеткілікті тез айналдырса, ауаны итеріп, құрылғыны әуеге көтеретіні айтылады. Ескертулерде Леонардо әуе бұрандасының ұшатын кішігірім модельдерін құрастырғаны көрсетілген.

Бір қызығы, Леонардоның дизайны жақында Марс бетінде алғашқы ұшуды орындайтын NASA-ның шағын тікұшағына қатты ұқсайды. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи