Бүгін Әлем халықтары жазушылар одағының бір жылдық мерейтойы

/uploads/thumbnail/20170708194417661_small.JPG

Осыдан бір жыл бұрын 18 қыркүйек күні Алматы қаласының Әділет департаменті Әлем халықтары жазушылары одағына арнайы тіркелгендігін айғақтайтын Анықтама беріп, айтулы Одақтың әлем халықтары арасында өзіндік үлкен бір абыройлы бірлестікке айналатынына сенім білдіріп еді. Міне, көзді ашып-жұмғанша бір жыл өте шығыпты. Құрылғанына бір жыл болған Бірлестік бүгінге шейін не тындыра алды деген сауал тек көпшілікті ғана емес, мені де толғандырып отыр, Одағымыздың әрбір мүшесінің де осындай ойда екенін бағамдаймын. Бір жыл көлемінде, біреулер үшін ұсақ шаруа болып көрінгенімен, біз үшін айтуға тұрарлықтай іс шаралар жасалыпты. Біріншіден, Одағымыздың қанаты кеңге жайылып, Ресей Федерациясы, Қытай халық республикасы, Америка құрама штаттары, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан мемлекеттерінен өкілдіктер ашылды.

 

Екіншіден, өткен 16 маусымда тұсаукесерімізді өткізіп, елге танымал, дана, ақсақал қарияларымыздың ақ батасын алдық. Үшіншіден, бір жыл ішінде ӘХЖО мүшелері 70 қаламгерге жетті. Төртіншіден, ӘХЖО мүшелерін халыққа кеңінен таныстыру және насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында Халықаралық онлаин көркемсөз оқу байқауын бір рет өткіздік және көпшіліктің сұранысы бойынша оны екінші рет өткізуді ұйғардық. Жаңа оқу жылы басталғалы бері Тіл мерекесіне байланысты ҚЖОБ мүшелерімен қоса ӘХЖО мүшелерін де арнайы кездесулерге шақыра бастады. Яғни, қоғамымызға біз де керек ақын-жазушы екенімізді еркін сезінудеміз. Мүмкіндік болып қолдаушылар тапсақ, жылдың соңына шейін І съезімізді өткізсек дейміз. Айта кететін қызықты жаңалық Одағымызға мүшелікке өтуге шетелдегі қаламгерлер, оның ішінде ҚХР-ның қаламгерлері ерекше қызығушылық танытып отыр.

 

Қайрат Дүйсенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Связанные Статьи