Қызылорда обылысы әкімінің орынбасары қызбетін босатты

/uploads/thumbnail/20170708194430536_small.jpg

Қызылорда әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев қызметінен кетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ол  бұл қызметке 2013 жылы тағайындалған болатын.

Әлібаев ТЖ және жұмылдыру дайындығы, энергетика, газбен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық қызметі, табиғи монополияларды реттеу, архитектура және құрылыс, түрлі салада мемлекеттік стандарттардың орындалуын қадағалау сияқты бірнеше мәселемен айналысты. Әзірге орынбасардың орнын кім жайғасатындығы белгісіз. Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы 1967 жылы 5 наурызда Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген. 2007-2009 жылдары "Маңғыстау облысы әкімдігінің істер басқармасы" МКҚК-ның директоры, 2009-2013 жылдары "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

 

Связанные Статьи