АҚШ Кубаға қатысты санкцияны жұмсартты

/uploads/thumbnail/20170708194431502_small.jpg

Вашингтон АҚШ азаматтарының Кубаға сапарға шығып, кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа қатысты шектеуді жұмсартты. Бұл туралды «Қамшы» порталы «Нұр. кз-ке» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Америкалық компаниялар енді  Кубада еншілес құрылымдар ашып, жергілікті фирмалармен бірлескен кәсіпорын құра алады.

Бұдан басқа, жыл соңында елдер арасында  почта қатынасы мен тұрақты коммерциялық авиарейстер қалпына келуі мүмкіне.

Жұмада АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонда кубалық елшіліктен сенімгерлік грамотасын алды. Дипломат соңғы жарты ғасырдағы АҚШ-тағы Кубаның алғашқы елшісі атанды.

Елдер арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру шешімі шілдеде  айында қабылданды. Сол күні аралдық мемлекет Вашингтонда елшілік ашты.

 Ал тамыз айында Кубаға ресми сапармен мемлекеттік хатшы Джон Керри келген болатын. Ол 1945 жылдан бастап Кубаға барған мұндай дәрежедегі алғашқы америкалық саясаткер болды.

Связанные Статьи