Президент Назарбаев « Ақсақалдар алқасын» жинады

/uploads/thumbnail/20170708194432128_small.jpg

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада құрамына мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығынаң лаураеттары кіретін әлем  Ақсақалдастары алқасымен кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы today.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астанадағы кездесуге Израилдің экс-президенті Шимон Перес, Польшаның экс-президенті Лех Валенса, Колумбияның экс-президенті С.Трухильо, Испанияның экс-премьер-министрі Х.Сапатеро және МАГАТЭ-ның экс-бас директоры М.Әль-Барадей мырзалар келген.

Шараға қатысушылар әлемдік саясаттағы өзекті мәселелерді, күн тәртібіндегі экономикалық түйткілдер мен халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Осы ретте әлемдегі орын алып жатқан қарулы қақтығыстарға қатысты Қазақстанның әлемдік саясаттағы және халықаралық қауымдастықтағы рөлі сөз болды.

Сонымен қатар, әлемдік дағдарыстық экономика  кезеңіндегі Қазақстанның қадамдары  туралы айтылған.

Өз кезгінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін атап өтті.

«Біздің Тәуелсіздік алған алғашқы жалдардан бастап өмір сүру үшін күресіміз басталған. Себебі оның болашағы бұлыңғыр еді.  Ал біз аяққа нық тұру үшін түрлі қадамдар жасадық. Мысалы, социалистік экономикадан нарықтық рельске түсу қиынға соққанымен, біз мұны да еңсердік. Приватизация жүргізілген үш жылдың ішінде Орталық Азиядағы ең ірі инвесторларды тарта білдік. Бүгінде Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 дамыған мемлекеттің қатыраны кіреді және ең ірі инвестиция қоры сақталған 20 мемлекеттің бірі»,-деді Мемлекет басшысы.

 

Связанные Статьи