Ұлттық банктің жыл сайынғы әрекеттерін экономист Ораз Жандосов сынға алды. Бұл туралы «Қамшы» порталы КазТАГ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Теңге бағамына келер болсақ Ұлттық банктің өткен жылдың күзінен бері істеп келген «ақымақтықтары» адамға айдан анық болғаны соншалық, оны талықлап жатудың да қажеті жоқ. Біздің қазақстандықтар мен бизнес өкілдері көбіне қаржы-несиелік саясат жүргізетін органның ақылға қонымсыз әрекеттеріне қынжылады», – дейді Жандосов Kazakhstan growth forum жиыны барысында.
Оның айтуынша, тиянақталған бағамнан гөрі толықтай “еркіне жіберілген” бағам әлдеқайда тиімді.
«Ең бастысы мұндай “еркіне” жіберілген бағам түсінікті болуы қажет. Кем дегенде бизнесмендер түсіне білуі тиіс. Бұл орайда Ұлттық банктің қаржылық-несиелік саясаты қисынды», – дейді Ораз Жандосов.
Бұдан өзге маман Ұлттық банкті қаржылық-несиелік саясат органы деп қарастырып, банк жүйесі мен өзге қаржылық институттарды реттейтін органдарды бөлек қою қажет деп санайды.
«Аталмыш екі функциялардың арасында келіспеушіліктер барына осы айларда көзіміз жетті», – деп түйіндеді өз сөзін экономист.