Ақтауда Каспий жағасындағы теңіз әскерилерінің оқу-жаттығу жұмыстары барысында қаза тапқандардың себептерін анықтауға құрылған арнайы комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Мұнда «Орталық-2015» әскери оқу-жаттығулары барысында төрт бірдей БТР-80 экипаж мүшелерімен бірге суға батып кеткен. Алдын ала болжамдар бойынша 4 әскери көз жұмған. Оалардың барлығы да Қазақстанның аймақтарынан арнайы шақыртылғандар болған. Сондай-ақ тағы екі жауынгер ауыр дене жарақатын алған.
Арнайы комиссия анықтағандай, жаттығу кезінде қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. КТК телеарнасының мәліметінше, олар 19 жастағы Бауыржан Жолдабай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған.
"Теңізден шамамен 150 метр өткеннен кейін қатты жел мен жоғары толқын салдарынан төрт БТР-80 суға батып кетті. Екі техника өз күшімен жағалауға шықты. Алдын-ала мәлімет бойынша мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға батып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына жағдайдың себебін толық анықтау үшін жедел арнайы топ құрып, оқиға орнына баруды тапсырған.