21 қыркүйек күні Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Бұл туралы «Қамшы» порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. 22-23 қыркүйек күндері түнде ауа температурасы 0-5 градус суыққа жетеді. 22-23 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан мен Павлодар өңірлерінде де жаңбыр жауып, арты қарға ұласатыны болжануда.Ауа температурасы түнде 0-5 градус суыққа дейін жетеді. Сонымен қатар, 22-23 қыркүйек күндері Қарағанды мен Қостанай облыстарының кей аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасының 0-5 градусқа төмендейді деген болжам бар.