Қорғаныс министрі Ақтаудағы төтенше жағдай орнында жиналыс өткізді

/uploads/thumbnail/20170708194446696_small.jpg

Ақтаудағы төтенше жағдай нүктесіне келген Иманғали Тасмағамбетов арнайы жиналыс өткізді. Бұл туралы  «Қамшы» порталы Tengrinews-ке сілтемей жасай отырып хабарлайды. Жиын барысында ол төрт әскеридің өліміне байланысты әскери прокуратура қылмыстық іс қозғағанын айтты.

Тасмағамбетов мұндай оқу-жаттығулардың бұрынғыша өткізіле беретінін, сондықтан да әскерилердің жауынгерлік жағдайға дайын болу керектігін ескертті.  Қорғаныс министрінің айтуынша, әр командир әскерилердің өмірін сақтай отырып, алдына қойған тапсырмасын орындайтындай алуы керек. Тасмағамбетов залда отырғандарды дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Жиында министрге тергеу нәтижесінің алдын ала нұсқасы ұсынылды. Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы оқиғаның десантты-түсіру құралдары жоқ кезде теңіз десантын түсіру практикалық эпизодын орындау барысында дұрыс шешім қабылдамау салдарынан болғандығын айтты. Қорғаныс министрі арнайы комиссияға қызметтік тексеру жүргізуді тапсырып, әскери қызметшілердің өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтауды тапсырды.

«Қамшы» сілтейді
 

 

Связанные Статьи