Кеше Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің шешімімен театр және кино әртісі Асанәлі Әшімовке Алматы қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Бұл қуанышты хабарды кеше Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Алматы қаласында өткен аламан айтыста, айтыс жаншыры, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Жүрсін Ерман мәлімдеген.
62 жылдан астам уақыт Алматының тұрғыны болып, өнерге жан-тәнімен беріле қызмет еткен Асанәлі Әшімов Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көзі тірісінде аңыз адамға айналған қазақтың біртуар мақтанышы.
Ерлан Төлеубай